Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕНДЕР

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕНДЕР


Ауылдан шыққан азаматтардың туған жерін түлетуге талаптанғанын көргенде бойыңды мақтаныш сезімі кернейді. Жомарт жүректі жайсаң жандардың ел үшін жасап жатқан игі істеріне ризашылық танытарың анық.
Теңізді ауданнан шыққан тұлғалы азаматтар осындай бастама көтеріп, елдің ықы­ласы мен батасын алуда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал қаласынан типтік жобадағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салу, аудандағы шалғай орналасқан елді мекендерге арнайы техникалық автокөліктер алып беру, Арал қаласынан «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылысын салу және де Шижаға елді мекеніне абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында 218 млн теңгеге ауданнан шыққан кәсіпкерлермен төрт бірдей меморандумға қол қойылған еді.
Сондай-ақ, аталған бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында аудан бойынша барша білім беру мекемелерінде іс-шаралар жоспарымен жұмыстар ұйымдастырылды. «Туған жерге тағзым – мектебіме тағзым» акциясының қарқынды жүргізілуі соның нақты көрінісі. Акция барысында білім беру ұйымдарында түлектер базасын, демеушілік көрсетушілер стендісін дайындау, акцияға белсенді қатысушыларды марапаттау шаралары өткізілді. Мектеп түлектері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан акцияда мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен аз қамтылған балаларға қаржылай және басқа да көмектер жасап, жомарттық танытты. Солардың кейбіріне тоқтала кетсек. Арал қаласындағы №14 мектеп лицейдің түлектері мектеп ғимаратының кіре­берісіне қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізіп, проектор құрылғысын алып берді. Ал Қарақұм елді мекеніндегі №59 мектепке облыстық мәслихат депутаты А.Жұқашев 800 мың теңгеге музыкалық аппаратура алуға демеушілік жасады. Бөгендегі №20 мектептің түлектері мектеп атауын көркемдеп жаздыруға, сахналық киімдер алуға 51 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Олардан өзге азаматтар да қалыспады. Қамыстыбас елді мекеніндегі №21 мектепке түлектері ноутбук, Арал қаласындағы №220 мектепке Санира және Нұргүл Жанназаровалар, Р.Жанаев компьютер жабдығын сыйға тартып, Сазды елді мекеніндегі №60 мектепке облыстық мәслихат депутаты М.Жұмашев мектеп залын безендіруге демеушілік жасапты. Аманөткелдегі №73 мектеп түлектері Ж.Сәрсенбаев, Т.Дәрменов кітапханаға кітаптар және мектеп түлектері бірлесіп кондиционер алып, №177 мектептің бір кабинетін жөндеу жұмыстарына, №19 мектепке Т.Базарбаев мұражай бөлмесін жабдықтауға көмек жасаған.
Ел азаматтарының айтуынша, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Ж.АЙДАРБЕКҰЛЫ
Арал ауданы
07 маусым 2018 ж. 718 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области