Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БЕС БАСТАМА – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН

БЕС БАСТАМА – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Парламенттің бірлескен отырысында ұсынған бес әлеуметтік бастамасы бүгінде қоғам талқысына түсіп, тиімді жақтарын жан-жақты қарастырып, бастамалардың жүзеге асуы көрініс табуда.
Мұнда Қазақстанның әр отбасына баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктерін айқындап көрсетті. «7-20-25» бағдарламасы бойынша әрбір тұрғын алдағы уақытта өз пәтерінде қоныс тойын тойлайтын болады. Ал, екінші бастама – жалақысы төмен жұмысшыларды қолдау мақсатында олардың салық жүктемесін азайту көзделіп отыр. Бұл дегеніміз қарапайым жұмысшыға орасан септігін тигізеді. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарына берілетін гранттар саны ұлғайту алдағы уақыттың межелі жұмысына айналмақ. Оның ішінде гранттың басым бөлігі техникалық мамандықтарға бағытталғаны көңіл қуантады. Әрбір жас өз ауылына керекті мамандықты игеріп, келешек білікті сала қызметкерлеріне айналады. Бес бастаманың төртіншісі шағын несие беруді көбейту тетіктерін жетілдіруге арналады. Шағын несие көмегімен ауыл халқы мол қаржы алып, өз кәсібін жетілдіре алады. Кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтеді.
Ел-жұртты газбен қамтамасыз ету арқылы халыққа оңтайлы өмір сыйлайтынымыз хақ. Алдағы уақытта шет аймақта орналасқан елді-мекендерге газ құбырлары тартылып, тұрғындар игілігін көріп жатса, құптарлық жағдай. Бұл бесінші бастаманың тетігі. Міне, бастамадан туындайтын мәселелер келешек халық әлеуетін көтеретін тың жобалар.
ҚАДЫРОВ БЕРДІБЕК,
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты,
"Шаған Жер" ЖШС төрағасы
11 маусым 2018 ж. 602 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области