Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕЛЕШЕККЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ

КЕЛЕШЕККЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ


Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі мақсаты: біріншіден еліміздің дамуын айқындайды; екіншіден, белгіленген негізгі міндеттерді саралап, бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, елдің болашағын қалыптастыру бағытындағы маңызды іс-қимылдардың бастауы болып табылады.
Президент биылғы Жолдауда 10 негізгі міндеттерді атап көрсетті. Онда ел дамуының әр саласындағы маңызды деген мәселелер қамтылған. Соның ішінде алтыншы міндетте қаржы секторын «қайта жаңғырту» мәселесі атап көрсетілді. Осы орайда ақша-несие саясатындағы инфляция деңгейін кезең-кезеңімен төмендету, сондай-ақ экономиканы қаржыландыру процесінде жеке меншік капиталын тарту маңыздылыққа ие болып отыр.
Елімізде бизнесті дамыту бірінші кезекте қаржы ресурсына келіп тірелетіні мәлім. Осыған орай Жолдауда тиімділікті есепке алатын бизнесті несиелендіруді қамтамасыз ету мәселелесіне де назар аударылды.
Қазіргі таңда несие алушылардың қаржылық жай-күйінің тұрақсыз болуы, сонымен қатар нарықтық баға бойынша кепіл нысаналарын сатып алуға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты уақыты өткен қарыздарды қайта өндіру мәселелері біршама шегеріліп, бұл жағдайлар өз кезегінде банктердің несие портфелінің валюталық бөлігін қайта бағалауда және банктердегі жұмыс істемейтін қарыздар мөлшерінің динамикасының ұлғайуына әсерінің тигізіп, меншікті капиталды дамуына теріс ықпал тигізуде. Сонымен қатар, несие портфелі сапасының төмендеуі банктердің тәуекелге деген көзқарасың төмендетуге мәжбүрлейді, ал бұл өз кезегінде несие алушылардың өтініштернің қаңағаттандырылуының төмен деңгейімен анықталады. Мысалыға, Казақстандағы банктерде 2017 жылғы 5 айда несие портфелі 116,7 млрд. теңгеге азайды (дерек көзі: ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы).
Осындай жағдайларда жұмыс істемейтін қарыздардың әлеуетті көлемі жоғары болуы ықтимал. Ұлттық Банк банк жүйесінің ең ірі қарыздарына таңдаулы тексеру жүргізді, ол қайта құрылымдалған қарыздарды ескергенде NPL әлеуетті сомасы банктердің несие портфелінің шамамен 25%-ын құрайтынын көрсетті (дерек көзі: ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы).
Екінші деңгейлі банктер қызметтерін жүзеге асыра отырып, банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылу ісіне мән бермен қатар, өз қызметтеріне жауапкершілікті жүктейді. Яғни банк секторын қалыпқа келтіре отырып, олардың балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар, елімізде орта және ұзақ мерзімге арналған қорды қалыптастыра отырып несиелер бойынша жоғары мөлшерлеме түйткілдерін шешу қаржы секторын қайта жаңғыртудың бірден-бір жолы.
Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға кепілдік береді. Осыған орай жеке тұлғалардың банкроттылығы туралы заң қабылдау қажеттілігінің маңыздылығы да атап өтілді. Бұл әрбір азаматтың қаржылық құқықтары мен міндеттеріне тікелей қатысты. Сонымен қатар, Ел басы жалпы халыққа қаржылық қызмет қандай деңгейде көрсетіліп жатқанына қазіргі кезде жете сараланып, оған аса мән берілу керектігін атап көрсетті. Қарапайым азаматтардың қажеттілің қағңғаттандыру мақсатында арнайы несиелік бағдарламаларды қарастырып, қоланысқа еңгізіду жете тапсырды.
Мысалы, Ресей мемлекетінде 2015 жылы «Жеке тұлғалардың банкроттылығы туралы» Заң қабылданған. Бұл Заңның тиімді жақтары мынада:
біріншіден, қарызы бар адам (должник) заңды түрде кез-келген қарыздарын жабуға мүмкіндік алады; екіншіден, қарызы бар тұлға қарыздарын қайта құрылымдау процесіне ие болады; үшіншіден, бұрынғы қарыздарын жаппай тұрып жеке тұлғаның жаңадан несие алмауына мүмкіндіктері туады. Бұл дегеніміз несие ресурстарын тиімді пайдаланудың шешуші бірден-бір жолы болар еді.
Банк секторының құрылымдық проблемаларының қиындығына қарамастан, тәуекелге бағдарланған қадағалауды және дәрменсіз банктерді реттеудің тиімді режимін енгізу арқылы озық практикаға және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сүйене отырып, қажетті құралдарды реттеуге және пайдалануға жұмыс жасау керек. Ал бұл жағдай өз кезегінде әлсіз банктерді мемлекет үшін барынша аз шығынмен жылдам реттеуге м үмкіндік туғызады.
Сондықтан банк секторында тиімді және ұтымды шараларды өз уақытында нақтылау және қабылдау экономикалық делдалдар ретінде банктерге деген сенімділікті жоғарылатады, ал бұл өз кезегінде қаржылық сектордың экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет негізгі құралдарының бірі болып саналады.

Г.ДУЗЕЛЬБАЕВА,
экономика ғылымдарының кандидаты
18 маусым 2018 ж. 637 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области