Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРМАНСЫЗ АДАМ ҚАНАТСЫЗ ҚҰСПЕН ТЕҢ

АРМАНСЫЗ АДАМ ҚАНАТСЫЗ ҚҰСПЕН ТЕҢ


«Рухани жаңғыру – жүрек жылуы» атты VII фестиваліне қатысқан мүмкіндігі шектеулі бала туралы айтпақпын.
Иә, арман ешқашан таусылмайды. Арманы таусылған адам бұл дүниелік емес. Ол түгілі қартайған шал-кемпірдің де арманы болады. Егер шын жүректен қалап, ниет етіп, талпынсаңыз, қалаған армандарға қол жеткізуге болады. Арманға жету шарты – тынбай еңбек етіп, ұдайы ізденіс үстінде болу.
Кез келген адамда өз арманы болады және сол армандарға жету үшін алдына үлкен мақсаттар қояды. Егер олай болмаса, «армансыз адам қанатсыз құспен тең» дегендей, ол алға ешқашан жылжи алмас еді. Осы орайда, сөз шебері, толымды талант иесі Шаханов Мұхтар ағамыз:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,- деп жырлаған болатын.
Иә, адамға үміт отын жандыратын ол – арман. Біз күн сайын «Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер ертеңгі күнді ойлатын болсақ, шындығында адамға арман керек-ақ, ол бізге бағыт, күш-қуат береді әрі үмітімізді жалғап отырады.
Сол секілді, өткен оқу жылында мектептің табалдырығын аттаған 1-сынып оқушысы Жаңабек Әділбеков өз сыныптастарымен бірге партада отыруды армандайды. Алайда, амал нешік. Мүмкіндігі шектеулі болса да мойымай, үйден білім алып, өнер-білімге жақын болып өсіп келеді. Ауыр сырқат Жаңабектің сағын сындыра алмады.
Қазақтың біртуар ақыны Зейнулла Шүкіров секілді кітапқа құмар болды. Әсіресе, ақындардың шығармаларына! Осылайша, талантты ақындардың өлеңдерін жаны сүйіп оқитын Жаңабек жуырда Қызылорда қаласында өткен «Рухани жаңғыру - жүрек жылуы» атты VII фестиваліне қатысты. Ол М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, жүлделі екінші орын алып қайтты. Бұл оның өміріндегі қуанышты сәт еді.
Содан соң, осы қуанышымен бөлісуге мектеп оқушыларымен кездесіп мектепішілік «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты іс-шара жиынына қатысып, өлеңін оқыды. Кеш соңында жиналғандармен естелік суретке түсіп, алдағы уақытта да тағы осындай үлкен шараларға қатысып, биік белестерден көрінетіндігін нық сеніммен айтты.
Біз де өз бетінше жүруді армандайтын, арманы асқақ, қиялы ұшыр, болашағынан зор үміт күттіретін балаға сәттілік тілейміз.

А.ЕРҒАЛИЕВА,
№227 негізгі мектебінің мұғалімі
Арал ауданы
22 маусым 2018 ж. 2 656 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области