Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӨЗ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ТАБУ БАСТАМАСЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӨЗ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ТАБУ БАСТАМАСЫ


    Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті түркология кафедрасының профессоры, филология ғылымының докторы Шәкір Ибраев мәлімдеді.
    Ғалым Елбасы рухани жаңғыру идеясын - өмір сүріп отырған тіршілігімізге бейімдеп, салт-дәстүрімізбен ұштастырғанын атап өтті. Кез-келген ел өзінің болашағын ойлау үшін "кеше кім болдық, біз не атқардық, ертең не болады" деген сауалдарды қою арқылы ертеңгі ұрпақтың болашағына болжам жасауға мүмкіндік алады.
    Біз дерексіз нәрсемен бейне жасамаймыз. Өткен тарихымызбен бүгінгі күнге қарай отырып, болашағымызды белгілейміз. Бүгінгі даму барысымызға, аяқ алысымызға сенімді болсақ, істеп жатқан істерімізге көңіліміз толар болса, ертеңгі болашағымыздан зор нәтижелер күтуге болады.
    – Рухани мәселелерді тәрбиемен тоғыстырып, тарихымызды түгендеп, әдет-салтымызды жинақтасақ, діңгекті идея боп шығады. Діңгекті идея ол рухани болмысымыз, біздің азығымыз. Егер рухани құндылықтардан жиренетін болсақ, біз рухани келбетіміз, ерекшелігімізден айырылып қана қоймай, басқа ұлттардың даярлап қойған құндылықтарының тұтынушысы ғана боламыз. Олай болмас үшін, өз болмысымызды жасауымыз керек, – деді ғалым.   

08 желтоқсан 2017 ж. 767 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области