Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰДА – МЫҢ ЖЫЛДЫҚ

ҚҰДА – МЫҢ ЖЫЛДЫҚ


Қазақ халқының әдет-ғұрпында ерекше орны бар дәстүрдің бірі – құдалық. Дана жұртымызда «Құда болсаң, құл да болса сыйлас» деген қанатты сөз бар. Бұл халқымыз үшін құда-жекжаттың айрықша орнын айшықтайды. Қыз алысып, қыз беріскен жандардың көңіл жақындығы мен сыйластығы қашанда жарасымды. Ал, екі ел арасын жол ететін мұндай дәстүр қазақта «құдалық» деп аталады.
Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еске түседі. Онда «... ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен тіліміз, жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» - делінген.
Қазақтың дәстүрлі не¬келесуі салтында әке-шеше риза¬шылығы ең бас¬ты шарт. Қалыңмал, той мәселелерін өзара келісіп, шешілуі, құдалықтың қалай өткені екі жақтың қарым-қатынасына ғана емес, екі жастың келешек тағдырына әсер ететін болған. Сонымен, өзара жекжаттық қатынас қыз бен жігіттің екеуара сөз байласуымен басталады. «Құданы Құдай қосады, үйірі басқаны ноқта қосады» демекші, кейде жастар ата-ананың көңіл қалауы бойынша да да шаңырақ көтеріп жатады.
Ертеректе, осылай қос тараптың келісімінен соң құдаласу рәсімі бойынша қызға үкі тағуға жігіттің етжақын адамдарынан төрт-бес туысы барады. Нақты кезеңде мұны «сырға салу» деп атап жүр. Сөйтіп, екі жақтың ортақ шешімімен құдалық уақыты белгіленеді. «Ағайынның қызығы – алыс-беріс, құдалықтың қызығы – барыс-келіс» дегендей, содан кейін ортада алтын көпір орнайды.
Қазақ халқында екі жастың үлкен өмірге қадам басуында ата-ана ризашылығы аса маңызға ие. Ата жолын көріп, тәрбиесін тағылым етіп өскен әрбір жас әуелі әке мен ананың ақ батасынан кейін ғана ақ некесін қиған. Ал, мұндай дәстүрге қырын қараған жас жұбайларды ата-ананың ризалығын алмады деп топшылаған. Оларға тұтас рулы ел теріс қарап, жылы шырай танытпаған. Негізі, бар жиған-тергенін тойға шашатын қонақжай әрі дархан халықтың ұрпағымыз. Сондықтан да қазақ құдалыққа келушілер санын ешқашан шектемеген. Десе де, сыпайылылық салтын ұстанған бабаларымыз мәдениеттілік сақтап, меймандардың санын жеті-сегізден асырмаған.
Мәселен, құдалықты бастап баратын беделді, жасы үлкен адамды бас құда деп атаған. Сондай-ақ, жігіт әкесінің одан кейін жолы үлкен аға-інілері барған болса, ол омыртқа құда делінген. Ал, күйеу жігіттің өз әкесіне әдетте бел құда деген атау берген. Құдаша, құда бала деп қыз бен жігіттің іні-қарындастарын теліген. Мұндай туыстық атауларды, әсіресе, үйдегі үлкендер жағы жиі қолданады. Бұл атаулар бір жағынан, енді құдаласқан жандардың қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсуге өз ықпалын тигізген.
Дана жұртымыздың бірнеше ғасырдан бері желісін үзбей келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Мысалы, бізде жеті атаға дейін қыз алыспайды. Қаны жақын туыс адамдар үйленсе, біріншіден, олардан ақыл-есі дұрыс бала тумайды, туа қалғанның өзінде өмір жасы қысқа болып, саны бір-екіден аспайды. Екіншіден, ағайын, туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ, бірлік бұзылады. Ал туыстық араға жеті ата толған соң ежелден жегжат екі ел сүйек жаңғыртып, қайтадан құда болысады. Осы салт арқылы ел бірлігі сақталады. «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген нақыл сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.Ұл өсіріп, қыз өсіріп отырған әрбір отбасы қызының орнын тапқанын, ұлын аяқтандырғанды, жақсы жермен құдаласқанды армандайды. Кім-кімде «Адал сүт емген бала жолықса игі» деп тілек тілейді.
Халқымыз қашанда құда-жекжатын жоғары бағалай білген. Өзара сыйластықтың зор үлгісін көрсеткен. Осындай құрметке кейде еріксіз қайран қаласың. Бұл байланыс жылдан-жылға нығайып, түбінде бір туған жандардай ағайынға айналады. Қазақтың жан-жағы, жақын-жұрағаты осылайша кеңіген, үрім-бұтағы осылайша өрбіген. Сөйтіп, олардың арасындағы құрмет пен өзара сыйластық ғасырға татырлық уақытқа жалғасқан.                                                                                                                                                                          

16 шілде 2018 ж. 12 034 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области