Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНІҢ ҚАСИЕТІ

ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНІҢ ҚАСИЕТІ


Қазақ дәстүрінің қасиетін біліп болған жоқпыз. Мәселен, бүгінде сәбиіміз кішкене ауыра қалса, дәрігерге жөнелетініміз өтірік емес. Бұрын ата-әжелеріміз ұшықтау немесе үшкіру арқылы ем жасаған. Негізінде әр халықтың науқасты өздеріне тән емдеу амалдары бар. Бұл олардың наным-сеніміне байланысты болып келеді. Мысалы, науқастарды емдеу тәсілі әртүрлі болған. Олар емдік шөптер, майлар, арқылы жүзеге асатын. Тіпті тамақ ауырғанда оны басу арқылы ем жасаған.  Сол секілді қазақта ескіден келе жатқан емдеу түрі – ұшықтау. Бұл емді жас ата-аналардың бірі білсе, бірі білмес. Себебі, көбінесе олар дәрігердің көмегіне жүгінеді.
Сонымен ұшықтау тәсіліне тоқталсақ, адам ұшынып қалғанда, асқазаны тамақты дұрыс қорытпай қалғанда, немесе қорқып қалған жағдайда қолданған. Негізінен, салқын суды науқастың денесіне немесе бетіне бүркіп шашу арқылы жасайды. Сонда дене тітіркеніп, оның беті бері қарайды. Демек, салқын су арқылы дене тітіркенгенде қан айналымы қайтадан жақсарып, жүйке жүйесінің жұмысы қайта қалпына келе бастайды.
Жас ана Ақмарал Төлегеннің айтуынша, көбінесе ұшықтап емдеу тәсіліне ден қояды.
– Әлі есімде, бала кезімде кішкене ауыра қалсақ, әжеміз күн батар шақта көшеге шығып ұшықтайтын. Дәріні көп қолдана бермейтін. Қазір өзім ана атандым. Жақында бір жасар қызым іші өтіп, қатты сырқаттанып қалды. Үш-төрт күн бойы берілген дәрілер әсер етпеді. Содан әжемнің ұшықтап, түкіріп емдейтіні есіме түсті. Көрші үйдегі әжеге апарып, ұшықтатып, ем алудың шараларын жасаттым. Ертеңіне қызым сауығып ойнап кетті. Көбінесе, астан ұшынса, бабадан қалған осы дәстүрді жасамаса аурудан айықпай жүреді деп еститінмін. Ата-әжелеріміздің дәстүрге берік осындай қазақи емдеу жолдары дана адам екенін аңғартса керек, – дейді ол.
Негізінен баланы ұшықтау – аластап емдеудің бір түрі іспетті. Көнені көрген әзиз әжелердің сөзіне сүйенсек, көз тиіп немесе салқын ұстап, астан ұшынып ауырған баланы, ересектерді емдеудің бірнеше түрі бар. Көз тию де екі түрлі деседі. Егер ер адамның көзі тисе, баланың денесі суып, өзінен-өзі мазасызданып, кіші дәретке жиі-жиі отырады, қолға тұрмай шалқалап жылайды екен. Ол кезде ер адам ырымын жасаған дұрыс. Ал, әйел адамның көзі тисе, керісінше, сәбидің денесі қызып, шырқырап жылап, тәбеті нашарлап, мүлдем ембей қояды. Мұндай жағдайда әжелер тезірек ұшықтауға кіріседі. Иә, бұрынғы өткен абыз аналарымыз дана да дара болған. Сондықтан да бізде сол кісілер салған ізбен жүрген дұрыс. Бүгінде немерелерін ұшықтаумен сауықтыратын Үміткүл әжей бізге өзінің емдеу тәсілімен бөлісті.
– Балаларым ұшынып, көз тиіп ауырса дәрігердің есігін қағып көрмеппін. Қазірде немерелерім сырқаттанса, келіндеріме «ұшықтап жібер» деп айтып отырамын. Негізінен бала астан ұшынып, тәбеті болмай ауырса, таңертең ерте күн шықпай киіндіріп алып шығып, көк шөптің үстінде жүргізеді. Біраз жүргізген соң жерге домалата аунатады. «Алла өзің шипа бере гөр, пірім бибі Бәтима» деп тәу ете жүріп, ұшықтауды бірнеше рет қайталайды. Ұшықтап болған соң оның үстіне жеті киім жауып жатқызады. Біраз уақыттан кейін беті бері қарайды. Ал, абайсызда құлаған баланы шошынудан, пәле жабысудан сақтау үшін оның құлаған жеріне алақанын тигізіп, сонан соң «ұшық, ұшық, тәңірім, бәледен сақтай гөр, көзге көрінер-көрінбес пәледен сақтай гөр» деп алақанын ауырсынған жеріне тигізеді. Осылай үш рет қайталайды, – деп түсіндірді ол.
Қалай десекте шипаны бір Алладан сұраған жөн. Сонда мұндай емдеу тәсілінің дінге ешқандай терістігі болмайды.Ұшықтауда да ой мен ниет түзу болуы керек.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
15 тамыз 2018 ж. 1 574 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области