Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАМАН ТАЛАБЫН ЖАТСЫНБАЙМЫЗ

ЗАМАН ТАЛАБЫН ЖАТСЫНБАЙМЫЗ


Елбасы мақаласы жарыққа шыққаннан бастап латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқылануда. Меніңше, латынға көшу – болашақ үшін жасалып жатқан тың бастама, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеу жолындағы өркениетті шешім екені анық. Бір сөзбен айтқанда латын әліпбиі – өркениет жазуы.
Отыз озық елдің қатарына қосылып, жаңа технологияларды меңгеру үшін де, сонымен бірге ағылшын тілін тез үйренуге де латын әліпбиі керек. Бұл әліпби біз үшін таңсық емес. 1929-1939 жылдар аралығында латын әліпбиінде болдық. Сол кезде жарық көрген кітаптар мен газет-журналдар, түрлі құжаттар қазір архивтер мен музейлерде тұр. Демек, латын әліпбиі бізге жат емес.
Кәрі тарихқа көз жүгіртсек, соңғы жүз жылда біз үш рет әліпби ауыстырыппыз. Сол кезеңде бүгінгідей газет-журнал, компьютер, тың технология деген болған жоқ. Соған қарамастан, халық басына түскен барлық қиындықты еңсере білді. Тіпті, алыс жерлерге атпен барып, сауатын ашып жүргендер болды. Ал, бүгінде Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды.
Межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін қоғамның әр мүшесі – сіз бен біз бір кісідей атсалысуымыз қажет. Әсіресе, мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарға дұрыс бағыт беріп, жаңа бастаманың маңыздылығын ұғындыруымыз керек-ақ.
Осыған орай түрлі шаралар, жиындар мен «дөңгелек үстелдер» өткізілуде. Шиелі ауданы Төңкеріс ауылында «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» тақырыбы аясында «дөңгелек үстел» өтті. Оқырмандар залына «Латын әліпбиіне көшу – ұлт рухының айнасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жиынға ауыл әкімдігінің қызметкерлері, жоғары сынып оқушылары мен белсенділер қатысып, латын қарпіне көшуге байланысты өз ойларын ортаға салды. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы Әлия Нұрманова «дөңгелек үстел» барысында латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірін ортаға салып, латын қарпіне көшудің оңтайлы екенін, әр адам ынта-ықылас танытуы керектігін жеткізді.
Басқосуда латын әрпіне көшуді қолдағандар қатары көп болды. Әсіресе, мектеп оқушылары жаңа қаріппен терілген оқулықтарын асыға күтуде. Барлығы дерлік «Латын әліпбиін қолданар болсақ бізге ағылшын тілін үйрену әлдеқайда жеңіл болар еді. Қазір желілерде кириллден гөрі латын әрпімен хат алмасқан оңайырақ» деген пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, ауыл қызметкерлері К.Мұсаев, Е.Қалдыбеков және А.Жакеев жаңа бастаманы қуана қолдайтындарын, латын қарпімен іс-қағаздар жазуға дайын екендіктерін жеткізді.
Аға буын мен енді ғана бой түзеп келе жатқан жас жеткіншектердің қатар отырып, еркін пікір білдіріп, ой алмасуына бағытталған жиын тартымдылығымен көпшіліктің көңілінен шықты. Мұндай маңызды мәселелерге бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Баян НҰРТАЕВА,
кітапхана қызметкері
Шиелі ауданы
27 қыркүйек 2018 ж. 616 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области