Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫНҒА КӨШПЕЙМІЗ – ОРАЛАМЫЗ

ЛАТЫНҒА КӨШПЕЙМІЗ – ОРАЛАМЫЗ


Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу туралы шешімін жариялағалы бір жылдан аса уақыт өтті. Десе де халық арасында бұл қажет пе деген сұрақ әлі күнге маңызын жойған жоқ. Біз латын әліпбиіне дәл қазір келе салмадық. Бұл орайда тәжірибеміз бар екеніне тарих куә. Латын графикасы – заман талабы. Ата-бабаларымыз латын әліпбиінде талай құнды жазбалар мен әдеби кітаптарды дүниеге әкелді. Әлемдегі елдердің 80 пайызы осы бір ортақ қаріпті қолданады. Ғылым мен саясаттың тілі де осында. Айналамыздағы Әзербайжан, Өзбекстан, Түркменстан секілді мемлекеттер латын әліпбиіне көшті. Ендігі кезек – біздің елде.
Осындай маңызды, тарихи қадам арқылы Қазақстанның заманауи сандық технологиялар әлеміне енуіне жаңа мүмкіндіктері ашылары сөзсіз. Латын қарпі арқылы қазақ тілі барлық ұлт өкілдеріне қолжетімді болады.
Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Кезінде Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Сондықтан да, бұл бізге таңсық дүние емес.
Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транс- крипция орнатылған. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып үлгерді.
Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирилл, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігімізде де латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни, латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Сол себепті тіліміздің жаңару жолындағы тарихи сәттен сескенудің еш себебі жоқ. Керісінше латын қарпіне көшуге барлығымыз бір кісідей атсалысып, болашақ ұрпақтың кемел келешегі үшін аянып қалмайық.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

Гүлназ ДОСТИЯРОВА,
Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
11 шілде 2018 ж. 698 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области