Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ҚАЖЕТ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ҚАЖЕТ


Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – Қазақстанның бүгінін белгілеп, ертеңін айқындайтын бағдарлы құжат болып табылады. Осы мақала аясында қазақ жазуын әлемдегі ең танымал жазулардың бірі – латын әліпбиіне көшіру мәселесі дер кезінде көтерілді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы көтерген бастамасында қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, ал орыс және ағылшын тіліндерін меңгере отырып, әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығу мүмкіндіктері ашылатындығын атап өткен болатын.
Бүгінгі күні жаһандану заманындағы технология және ақпарат алмасудағы басымдылық ағылшын тіліне беріліп отырғаны баршамызға белгілі. Сондықтан да, Қазақстанның әлемдегі дамыған мемлекеттер көшінен қалмауы және дүниежүзілік білім мен ғылым және ақпарат пен технологияның кеңістігіне еркін енуі үшін латын әліпбиіне көшудің аса қажеттігі заман талабынан туындап отыр.
Деректерге сүйенсек, нақты кезеңде әлемдегі елдердің 70 пайыздан астамы латын жазуы арқылы білім мен ғылымды игеруде. Яғни, білім мен ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, және т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы латын графикасымен берілетіндіктен, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады деген сөз. Демек, латын әліпбиі еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуына бірден бір септігін тигізері анық.
Әлемдегі түркі тілдес халықтар арасында латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылып келеді. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізген – Түркия мемлекеті болып табылады. Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-жылдарында ел зиялыларымен латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілген болатын. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісі жасалып, қолданысқа енгізілді де.
Қазақ тілі әліпбиінің негізін қалаған ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан, сөйлей білу қандай қажет болса, жаза білу одан да артық», - деген болатын.
Мысалға алсақ, латын әліпбиіне көршілес Өзбекстан, Түркменстан және Әзірбайжан мемлекеттері тәуелсіздік алған уақыттан бастап көшкені белгілі.
Қазіргі ХХІ ғасырда жазудың маңыздылығы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде түркітектес халықтар арасында қолданылатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың маңызды қадамы болып табылады.

Аида ӘБИБУЛЛАЕВА,
"Қазпошта" АҚ Қызылорда облыстық
филиалының директоры

20 тамыз 2018 ж. 663 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области