Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТІЛІМІЗГЕ ЖАСАЛҒАН ИГІ ҚАДАМ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТІЛІМІЗГЕ ЖАСАЛҒАН ИГІ ҚАДАМ


Тіл төңірегіндегі мамандар Президентімізге байыппен жасалған тағы бір жобаны таныстырды. Көпшіліктің көңіл толмастығы мен ел наразылығының ескерілгені, Президентіміздің әр әріптің, әр дыбыстың тағдырын ойлап, жіті назар аударып, бақылап отырғанына жұрт куә болды.
Әр қазақы төл дыбысымызға өзінің дербес таңбасы анықталды. Шынында да, әр дыбыстың артында ғасырлар тиянақтаған тағдыры тұр.
Тілдің қасиеті мен кепиеті бар, оны ұмытуға да, оған обал жасауға да болмайды. Бастапқыда талқыланған жобадағы қосарлы дыбыстардың кемшілігі көп ұзамай көрініп қалған еді. Диграфтың дәрменсіздігі сондай, таңбалаған кезде тоқсан тоғыз түрге өзгеріп шыға келетінін көрсетті. Қалыптасқан тіркестерді, төл сөздерімізді бұрмалап та жіберетінін байқадық. Соңғы ұсынылған 32 дыбыстың таңбалануы да, дыбыстық ерекшелігінің сақталуы да, жалпы тіл заңдылығын сақтаудағы қабілеті көпшіліктің көңілінен шықты. Кестеде тұрған әріптердің әр таңбасы әр дыбысты кескіндейді.
Латын әліпбиіне көшу – бұл Қазақстанның әлемдік кеңістікке, әсіресе ақпараттық кеңістікке, бәсекелестік ортаға кіруге жасаған қадамы. Болашақтың мәселесін Елбасының бастама етіп көтергені, тікелей өзінің қадағалауында ұстап отырғаны біздің тарихи тілегіміз бен сұранысымызды ескергендіктен туындағаны анық.
Рухани жаңғыруда тіл мәселесі де сәтті жүзеге асатын қадам ретінде көңілге сенім ұялатып отыр. Сонау 1920-1930 жылдары латын әліпбиімен сауат ашып, жазу жазып, қағаз сызғанбыз. Түркітілдес бауырларымыз секілді жаңа латын әліпбиін қабылдасақ, сол тарихи құжатқа айналған мұраларымызбен қауышуда да қиындық болмас еді.
04 қазан 2018 ж. 590 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области