Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ЖӘНІБЕК МАХАНБЕТ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ЖӘНІБЕК МАХАНБЕТ


«100 жаңа есім» жобасы жайында Мемлекет басшысы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.
Аталған жобаның биыл екінші кезеңі басталып, еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер ұсынылып жатыр. Солардың бірі Қызылорда өңірінен үміткер Жәнібек Маханбет.
1987 жылдан бастап Жанибек Асанулы ағаш кескіндеме жасаумен айналысады. Сол жылы Мәскеу қаласында өткен республикалық қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберлердің көрмесіне және қолөнер бұйымдары шеберлерінің фестиваліне қатысып, СССР суретшілер Союзының дипломымен марапатталды. 1998 жылы Астана қаласында өткен ашық көрмеге қатысты. 1999 жылы Мемлекет басшысының сапарына байланысты ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын жасаушы шеберлердің көрмесіне қатысты. 2006 жылы облыстық «Алтын Сапа» кішігірім кәсіпкерлік байқауының бас жүлдесімен марапатталды.
2008 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мұражайының ашылу салтанатына қатысты, жеке шығармашылық көрмелерді жүргізді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мұражайының алғыс хатымен марапатталды.
2009 жылы Қызылорда облысының 70-жылдық мерейтойына орай, Төс белгісімен марапатталды. 2010 жылы Спорт және Туризм Министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген көрмеге қатысты. «Спорт және туризм Министрлігінің Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2011 жылы ҮІІІ облыстық «Наурыз Шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты атанды және білім бөлімі жұмыскерлерінің ұйымдастыруымен төс белгісімен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына, Сырдария ауданында тұңғыш ұшқыш Ю.А. Гагариннің космосқа ұшқанына 50 жыл аясында өткен «Гагарин көктемі» қолөнер бұйымдарының республикалық көрмесіне қатысты. 2011 жылдың мамыр айында Алматы қаласындағы туризмге байланысты ХІ Халықаралық көрмеге қатысты. 2012 туристік индустрияның аясында ұйымдастырылған 2012-2014 жылдардағы Көкшетау қаласындағы «Сарқылмас Саяхат» бағдарламасына сәйкес Туризм комитетінің грамотасын алды. 2014 жылы облыстық Қазақстан қолөнершілер одағы филиалының, Қызылорда облысының кәсіпкерлігімен және Туризмімен өткізілген «Добрых рук Ремесло» атты ІІ республикалық байқауда 1 орынды иеленді. 2014 жылы жылдың қорытындысы бойынша «Туризм саласындағы ерекше қызметі үшін» Америкалық штатта, Аризон туындылары, Кальгарияның, Англияның, Лондонның туындылары бар. Ресей азаматтарында және жеке қалаларында бар. Оның туындылары Америкалық Аризон штатындағы азаматтарда бар. Ресейдің және Казань қаласының жеке өзінде бар.
2015 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының «Ардагерлер ұйымдығының» Мәдениет және спорт министрлігінің негізінде республикалық фестивальде ІІ дәрежелі Дипломға ие болды. 2015 жылы Қазақстанның қолөнер бұйымдарының шеберлері арасындағы «Шебер – 2015» байқауының финалистісі болды. Бұл байқауда «Шебер – 2015» «Төлтумалық» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 2015 жылы «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық байқау көрмесіне қатысты. «Жеңіл өндіріс аумағындағы жеткен жетістіктері үшін» номинациясымен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының төрағасы А.Мырзахметовтың тарапынан алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысты. Қоғам қайраткері Жанибек Махамбет Комсомолдық Партияның мүшесі Муратбаев Нурмаганбетов әріптесінің өмірін және еңбек жолын меңгере келе және осы зерттеу жұмыстарының негізінде «Источник жизни» атты кітапты жарыққа шығарды. 2018 жылы Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапатталды.




04 қазан 2018 ж. 768 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области