Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: БЕКАРЫСТАН АМАНЖОЛОВ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: БЕКАРЫСТАН АМАНЖОЛОВ


Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны айқын. Солардың бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.
 «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар мен жастар жобаға ұсынылуда. Солардың бірі – Қызылорда облысынан ұсынылған Қазақстан пікірсайысының рекордсмені  Бекарыстан Аманжолов.
Бекарыстан Қазақстан пікірсайысының рекордсмені (50 кубок), 8 жылдан бері 300-ден астам пікірсайысшыларды тәрбиелеп келеді. 150-ден аса қоғамдық лекциялар оқыған оратор, мотиватор, бизнес-тренер. Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының алғашқы иегерлерінің бірі, Қызылорда облысының 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік жас көшбасшы-2012» аталымының, Республикалық «Жас Ұлан-2012» Гранд премиясының, Республикалық «Жыл студенті-2014» жүлдесінің иегері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 50 мыңыншы түлегі. Елордамыздағы алғашқы «Астана дарыны-2017» жастар премиясының лауреаты.
Ол қазір «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайым орынбасары қызметін атқаруда. Мұнымен қоса, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің І курс магистранты.
Бекарыстан Нұрланұлы әр жылдары облыстық «Жас ұрпақ» БЖҚ» ҚБ президенті, Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымдарының одағы Балалар палатасының хатшысы, “Ақиқат ұшқыны” дебат клубы мен “Қарлығаштар” атты көркемсөз оқу шеберлері клубының негізін қалаушы және жетекшісі, облыстық «Ақ қауырсын» балалар мен жасөспірімдер газетінде тілші, кейіннен жауапты хатшы, облыстық «Ұстаз мәртебесі» газеті мен республикалық «Сыр ұланы» газетінің тілшісі, республикалық «Сәлем» балаларға арналған әлеуметтік-ақпараттық журналының редакция алқасының мүшесі болды.
Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті ғылыми кеңесінің мүшесі, Жастар ғылыми зерттеу орталығы синергетика лабораториясының мүшесі, М.Дулатов атындағы көркемсөз шеберлері клубының жетекшісі. «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалы «Жас Отан» ЖҚ төрағасының орынбасары, «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубының президенті, «Жас Ұлан» Бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымы «Ұланбасы» кеңесінің хатшысы және «Рухани жаңғыру» бағдарламаны басқару кеңсесі «Атамекен» кіші бағдарламасының «Интерактивті платформа» республикалық жобасының жетекшісі болып, көптеген пайдалы істерді атқарып, игі жұмыстарды жүргізді.
 Б. Аманжолов «Бала би» шешендік өнер сайысының соавторы, «Атамұрам – асыл қазынам» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына арналған ұлттық ойындар жинағы мен «Ел рәміздері – менің мақтанышым» Балалар мен жасөспірімдерге арналған ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы үздік шығармаларының жинағының құрастырушысы болып табылады. Бекарыстан Өскемен, Жаңаөзен, Қызылорда, Көкшетау, Атырау, Алматы, Астана қалалары, 10-нан астам аудандарда облыс, қала белсенді жастары мен жас көшбасшыларына «Көшбасшылық: басты қағидалар және оның сипаты», «Ораторлықтың негізгі шарттары», «Тұлғалық қалыптасудың негізгі қағидалары», сынды тақырыптарда семинар-тренинг, қосымша білім беру саласының педагогтарына арнап бірнеше тақырып бойынша оқыту өткізіп, шәкірт тәрбилеп келеді.
Мұнан бөлек, 100-ден астам түрлі деңгейдегі шаралардың ұйымдастырушысы болды. Қазіргі таңда түрлі қоғамдық дәрістер оқып, әлеуметтік жобалармен айналысуда.

22 қазан 2018 ж. 583 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области