Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҰРАТЫ АЙҚЫН, МАҚСАТЫ НАҚТЫ ҚҰЖАТ

МҰРАТЫ АЙҚЫН, МАҚСАТЫ НАҚТЫ ҚҰЖАТ


Қалада немерелерді жетектеп білім ордаларына барамыз. Сонда жалақысы аз жас ұстаздар мен тәрбиешілерді көресіз. Мұндай айлық алатын адамнан сапалы жұмысты қалай талап етуге болады? Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы осы кемшіліктің орнын толтыруға бағытталды.
Адами капиталды дамытуды мұрат еткен Қазақстан мұндай мәселені шешуі тиіс. Себебі, балабақша, мектеп біздің болашағымызды тербеткен тал бесік. Оған қамқорлық жасау – болашаққа құйылған инвестиция емес пе? Одан қаржы аяуға әсте болмайды. Стратегиялық құжатта осынау әлеуметтік мәселелерді ескертіп, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көтеруді тапсырды.
Жалпы, тарихи құжатта халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған алты нақты қадамды көрсетілді. Соның бірі – шағын және орта бизнес саласын қолдау шаралары.
Президент «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 50 пайызын шағын және орта бизнес саласы қамтамасыз етуді тапсырған еді.
Биылғы Жолдауда: «Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұруымыз керек. Мұнда жазалаушы ғана емес, сондай-ақ бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн.
Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын» – деді.
Әрине, бұл кезең-кезеңімен белгіленген межеге жеткізудің жолы. Жалпы, қолма-қол ақша жүрген жерде сыбайлас жемқорлықтың нышандары болады. Әрі жұмыс беруші мен жұмысшының арасында түсініспеушіліктер орын алатыны түсінікті-ақ...
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзартатынын жеткізді. Бұл бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда тиімді тетігі ретінде өз жемісін беріп келеді. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, облыста кәсіпкерлік саласын дамыта түсуіміз керек. Бұл тапсырма «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» үш жылға ұзартылған Сыр өңірін одан әрі өріс алуына жол ашады.
Жақында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың отырысында 2019-2021 жылдарда Қызылорда облысы бюджетінің басымдықтары әлеуметтік мәселелер мен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталатынын мәлімдеді.
Бұл – кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін жоба. Мемлекет басшысының Жолдауынан бағыт-бағдар алған бастама баянды болатынына сенемін. Тек тұрғындардың белсенділігі қажет-ақ.
Құжатта экономикалық, әлеуметтік мәселелердің басым бөлігі ауыл тұрғындарының табысын арттырып, тұрмысын жақсартуға бағытталғанын көруге болады. Әсіресе «Ауыл – ел бесігі» атты арнайы жоба ауылдағы ағайындардың көңіліне үміт ұялатып, келер күнге деген сенімін нығайтқаны сөзсіз.
Олай болса, Ұлт Көшбасшысының Жолдауы – халық мұратымен ұштасқан, мұраты айқын, мақсаты нақты стратегиялық құжат. Оны сапалы орындауда белсенді болайық, ағайын!
Жанкелді ЫСҚАҚОВ,
облыстық мәслихаттың депутаты.
24 қазан 2018 ж. 644 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области