Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛМЕКЕН ЖАНАЛИЕВА: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

ҰЛМЕКЕН ЖАНАЛИЕВА: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА


Ұжым қызметкерлерін ұйымдастыра біліп, мойынға артылған жүкті жұмыла көтеру, елдің сеніміне селкеу түсірмей жұмыс жасау да оңай шаруа емес. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, бірігіп тірлік істемесең, жаяудың шаңы шықпасы анық. Бір мекеменің жауапкершілікті сезіне отырып ынтымақта жұмыс жасауы ең алдымен сол мекеме басшысының ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Қарамағындағы қызметкерлерін ел игілігі үшін жұмыс жасауға шақырып, өзінен кейінгі кіші буынға өнеге көрсетіп келетін Ұлмекен Жаналиева өз ауылындағы өзекті мәселелерге белсене араласады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» жобасы бойынша Сырдария ауданынан «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына ие болған.
Ұлмекен Жаналиева 2010 жылдан бастап, «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша жұмыс жасап келеді. Аудандағы ана мен бала мәселелері, жас отбасылармен, көп балалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен, зейнеткерлер, мүгедек аналармен жұмыстар жүргізе отырып, олардың өзекті мәселелерін шешуге белсене араласады.
Алғашқы еңбек жолын ұстаз болудан бастаған жомарт жан 25 жылдан астам уақытын білім саласына арнаған. 1989-2008 жылдары Халық депутаттары поселкілік Советі атқару комитетінің предсадателі, Тереңөзек поселкесінің әкімі, Сырдария аудандық білім бөлімінің бастығы, Сырдария аудандық мұрағатының директоры қызметтерін атқарып зейнеткерлікке шыққан.
Қазіргі таңда Ұлмекен Жаналиева «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ауыл халқына ылғи да жәрдем беріп жүретін ол демеушілер қаражатымен және мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізілген байқаудан түскен қаражат есебінен жыл сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. 2015 жылдан бастап Тереңөзек кентіндегі «Әлеуметтік дүкеннің» жұмысына бақылау жасап, одан тұрмысы төмен отбасылардың арзан бағамен азық-түлік өнімдерін алуына ықпал етті.
Атқарып жатқан игі істерінің арқасында оның жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, 2011 жылы ауданның «Құрметті азаматы» атағын алды. 2010 жылы ауданның «Үздік қоғамдық ұйым жетекшісі», 2011 жылы облыс көлемінде «Үздік азаматтық қоғам өкілі», 2012 жылы «Алтын қазына» номинацияларына ие болған.
01 қараша 2018 ж. 656 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области