Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің бай тарихы – бабаларымыздың салған даңғыл жолы

Еліміздің бай тарихы – бабаларымыздың салған даңғыл жолы


Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру», «Мәдени мұра» бағдарламасының заңды жалғасы іспетті. Бұл біздің өмірімізді жаңа арнаға түсіретін, ақыл-ойымызды жинақтап, ой тастайтындай мақала. Еліміздің бай тарихы, ұлтымыздың даңқы – бабаларымыздың салған даңғыл жолы. Тарих бойынша қарастырсақ, жерімізде мемлекет, қоғамның пайда болуы, ұйымдасуы, жаңа дәуірге аяқ басуы Арал, Сырдария өлкесі, Талас, Тараз аймақтарынан басталады.
Бұл тарихта дәлелденген шындық. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтардың өзінде Ұлы даладағы сақ, ғұн, түрік, оғыз, Селжұқ, Қарахан мемлекеттері өзге елдерге үлгі болған, ел басқарудың жүйесін қалыптастырған. Сондай-ақ, қазақ жерінде дала демократиясы өріс алған. «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Әз-Тәукенің жеті Жарғысы» шын мәнінде мемлекеттің ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді.
Қазіргі кезде Италия, Германия секілді елдерде ммелекет тарихы жинақталып, оқып, үйрену дәрежесіне жеткен. Бізде де ел тарихын қайта қарау, зерттеп, зерделеп, өскелең ұрпаққа, әлемге таныту кезек күттірмейтін іс. Айталық, жазушы, ғалым Мұхтар Мағауиннің XV ғасыр әдебиетін, жыраулар мұрасын зерттеуі 1970 жылдары зерттеушілердің, тіпті елге белгілі жазушылардың қарсылығын тудырды. Алайда қазір XV ғасырдан бұрынғы әдеби, тарихи бай мұрамызды зерттеу, сол арқылы тарихты таныту, ұлт рухын көтеру өте маңызды.
Бегімбай Ұзақбаев,
Қазақстанның мәдениет қайраткері
26 қараша 2018 ж. 682 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области