Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлы дала өркениетінің тамыры тереңде жатыр

Ұлы дала өркениетінің тамыры тереңде жатыр


Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ тарихын одан әрі зерттеуге, ұлттық құндылықтарды тереңінен танып білуге даңғыл жол ашты. мен бұл туындыны оқи отыра осынау ұлан байтақ жерімізді мекендеп, ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте қанықтым.
Елбасы Ұлы Дала өркениетінің жеті бірегей тарихи жетістігін атап берді. Бұл мақалада қазақ халқының тереңен бастау алатын тарихи және мәдени ерекшеліктеріне, сондай-ақ, әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі туралы жазылған. Жалпы, тағылымы терең тың туындының жарыққа шыққаны көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Өйткені, өткеніңді білмей болашақты бағамдай білу де қиын. Осы орайда, Елбасының бұл туындысы тамыры терең қазақ ұлтының мәдениетін, бабалардан бізге жеткен ұлттық құндылықтарды зерттеп-зерделеу жұмыстарына тың серпін бергелі тұр.
Айта кеткен жөн, "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиялық жоба аясында ұлттық-құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұны терең тағылымды шаралар жиі өткізіліп келеді. «Ұлы Дала Қазынасы» партиялық бағыты аясында: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында «Дәстүрлі ән өнері – ұлттық өнердің қазынасы» тақырыбында домбырамен ән айтатын 14-20 жас аралығындағы қабілетті жастар арасында байқау, «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбы аясында жастар, алдыңғы буын ағалармен кездесіп, қазақ халқының мәдени, тілдік ерекшеліктері төңірегінде пікір алмасты, ауыл ардагерлері, ауыл имамы, ата-аналар, ауыл жастары, аудандық БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ата-баба дәстүрін ардақтайық!» тақырыбында келелі кеңес өткізіліп, «Ысырапшылдық - исламға жат нәрсе» тақырыбында аудандық «Иманқұл» мешіті және Діни зерттеу орталығының аудандық бөлімше мамандарымен ауылдық округтерде бірлескен кездесулер, «Ұлы дала анасының қазіргі келбеті» тақырыбында Аққұм ауылында ой тастау алаңы болып өтті.
Ал, «Тарлан тарих тағылымы» өлкетану жобасы бойынша «Аға ұрпақтық кеңестері – біздің болашақ рухани байлығымыз» тақырыбында «Ой тастау» алаңы мен ұлттық тағамдардың жасалу жолдары аясында үлкендеріміз жас ұрпаққа қазақтың дастарханынан жоғалып, сиреп кеткен тағам түрлерін пісіріп үйретуге бағытталған іс-шара болып өтті. Сондай-ақ, Мәдениет ауылында ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміз жаңғырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында арнайы түсірілім тобымен Мәдениет ауылындағы екі ғасырдың куәсі, 96 жастағы батыр ана Өтеш Тасжүрекқызының отбасына барып қайтты.
Ұлт мұратын айшықтаған мақалада "Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз" делінген. Бұл ұлы дала өркениетінің ерте кезеңнен тамыр тартатының көрсетіп отыр. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. Бір сөзбен айтқанда, ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру тетігі көрсетілді.
Сондай-ақ, Елбасы мақаласы ірі әрі маңызды жобаларды ұсынып отыр. Ол жобалар «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» деп аталады. Бұларды жүзеге асыру рухани саланың жаңа өрлеу сатысына жетелейтіні анық. Жалпы, мазмұны терең мақалада түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туды.
Қаншагүл Мұстафаева,
"Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.
28 қараша 2018 ж. 970 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области