Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түп-тамырымызға жаңаша көзқарас

Түп-тамырымызға жаңаша көзқарас

Ұлт Көшбасшысының мақаласы төл тарихымыздың тарих бедеріндегі орнын айқындайтын құнды дүние. Яғни, ұлтымыздың әлемдік өркениетті дамытуға, дүние дидарын айшықтауға бағытталған айрықша сипатқа ие.
Мақала далалық мәдениеттің сапалық деңгейінің жоғарылығын, ұлан байтақ жерді иеленген халқымыздың ұлт ретіндегі таным-түсінігін, қарымды қабілетін, қастерлі қасиеттерін, тектілікке тамыр байлағандығын көрсете алуымен құнды.
Елбасы атап өткен «Ұлы даланың жеті қыры» бүкіл түркі әлемін, жалпы жаһандағы Қазақстанның рухани болмысын танытудың басты жолы. Өйткені, өткенімізді екшеп, таразылап, болашаққа бағытталған мақала арқылы күллі түркі жұртының тағдыры қамтылған десек артық емес. Ал осы істердің ұйытқысы, қара шаңырағы Қазақстан екені айдан анық. Сол себепті де бай мұрамызды түгендеп алып, оларды өскелең ұрпаққа дәріптеп, сананы кезең-кезеңімен тарихи тұрғыдан жаңғыртып отырсақ, өркендеуге өрісті қадам болмақ. Өзі өткенін ұлықтап, бүгінін бағамдаған елдің ешуақытта құлдырамайтыны белгілі емес пе?!
Біз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы ұлттық дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды, өлке тарихын танып білдік. Ендігі кезекте олардың түп-төркініне үңіліп, кең далада аттың құлағында ойнаған халықтың, көшпелі тұрмыс мәдениетін, осы қазынаға толы бай өлкенің құндылықтарын тереңнен тани түспекпіз. Бұл жолда бізге тарихшылардың, белгілі ғалымдардың қосар үлесі мол.
Біз бай мұраларымызбен, тұғырлы тұлғаларымызбен мақтана алатын ұлы халықпыз. Өнегелі өткенімен мақтана алатын халықтың болашағы кемел. Елбасы мақаласы қазақ жұртының «Мәңгілік ел» идеясының мақсатты түрде орындалуына жол көрсеткен бағдаршам болды. Сонымен бірге, Ұлы даланың қасиетін тек қазаққа ғана емес, әлемге таныту үшін атқарылатын жұмыстарды тізбектеп берді. Бұған бәріміздің бір кісідей атсалысуымыз ел мерейін асырмақ. Осы жолда аянбай еңбек ету керек.

Бағдат Есназар,
Сырдария аудандық мәслихат депутаты
29 қараша 2018 ж. 530 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области