Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Өскен өңірдің» 80 жылдық мерейтойы аталып өтті ( ФОТО)

«Өскен өңірдің» 80 жылдық мерейтойы аталып өтті ( ФОТО)

Шиелі аудандық «Өскен өңір» қоғамдық-саяси газетінің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Сөз өнерінің зергері Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығымен бірге аталып өткен мерейтойлық шараны Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы ашып, газеттің қоғамдағы орнына, тарихына тоқталды.
Басылым 1939 жылы алғаш «Стахановшы» атымен жарық көрсе, 1956 жылы Шиелі, Жаңақорған аудандары бір шаңырақ астында біріккен тұста «Коммунизм жолы» деп аталынды. Ал 1963 жылы Шиелі дербес аудан болып қайта құрылған кезінен бастап газет «Өскен өңір» аталған.
Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Мақанов облыс әкімінің құттықтау хатын оқып берді.
Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі Сәрсенбек Бекмұрат, Қуандық Түменбайұлы басылым турасында естеліктерімен бөлісті.
«Сыр медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев құттықтау сөз сөйлеп, ақпараттық заманда бәсекеге сай дамудың жолдарын айтып, серіктестікте атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ал, «Салтанат сарайында» Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сыншы Бақыт Сарыбалаұлы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сықақшы Нұрмахан Елтай «Өскен өңір» атты кітаптың тұсауын кесті.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы бір топ еңбек ардагерлері мен журналистерді мерекелік медальдармен марапаттады.







14 қазан 2019 ж. 790 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области