Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ақын Әділ Ботпановқа арналған мүшәйра өтеді

Қызылордада ақын Әділ Ботпановқа арналған мүшәйра өтеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Қызылорда қаламгерлерінің қауымдастығы» ҚБ және «Сыр медиа» ЖШС талантты да тағдырлы ақын Әділ Ботпановтың 50 жасқа толу құрметіне арналған облыстық жыр мүшәйрасы өтетінін хабарлайды.
Мүшәйраның шарттары:
1. Мүшәйраға жасы 18-40 аралығындағы ақындар қатыса алады.
2. Олардың өлеңдері алдын ала арнайы комиссияның іріктеуінен өтеді. Іріктеуде жарамсыз деп табылған шығарма мүшәйраға жіберілмейді.
3. Шығармалар мүшәйра талабына сай болуы керек (талап осы анықтамада қоса беріліп отыр).
4. Мүшәйра жеңімпазы 1, 2, 3-ші орынмен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады (сыйлық ақшалай).
5. Қазылар алқасы белгіленген орынның немесе сыйлықтың санын еселеуге, керісінше қысқартуға құқылы.
6. Шығармалар мына мекенжайға қарашаның 15-не дейін түсуі тиіс: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 4 «А», «Сыр медиа» ЖШС ғимаратының 2-қабаты, 210-бөлме. e-mail: aiashuly_62@mail.ru
Мүшәйра талабы:
а) Ақын 2 өлең оқиды (бірі – арнау, бірі – еркін өлең).
ә) Қатысушының бірінші өлеңі тағдырлы ақын Ә.Ботпановтың болмысын ашуы тиіс немесе ол шығарма ақындық қасиетке арналады.
б) Қатысушының киім киісі, өлең оқу мәнері, көрерменмен арақатысы, яғни, аудиторияны назар аударта білуі есепке алынады.
Ұйымдастыру алқасы.
11 қазан 2019 ж. 484 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области