Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

Қазалыда облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

Kyzylorda-news.kz.Қазалыда ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі Рүстем Жанайдың 75 жылдығына орай «Жырларым бар жүректе, сырларым бар» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Әйтеке би кенттік клубында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткен мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 13 ақын қатысып, өз бақтарын сынады.
Жастардың шығармашылығын арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткен жыр додасының қорытындысы бойынша бірінші орынды Арал ауданынан келген Айдар Сайлауов жеңіп алды.
Екінші орынды Ақтан батыр ауылында тұратын талантты жерлесіміз Ақжол Түменбаев қанжығасына байлады. Ал жүлделі үшінші орынға Шиелі ауданының жас ақыны Бекжан Ержігіт қол жеткізді.
Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды.
12 тамыз 2019 ж. 495 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области