Қызылордада бизнес-тренерлерді іріктеуге байқау жарияланады
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекеттік Бағдарламасыныңтөртінші бағыты «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» аясында «Бизнес-мектеп» компонентінің оқытушы жобаларын жүзеге асыру бойынша қызметтерді көрсету үшін бизнес-тренерлерді іріктеуге байқау жариялайды.
Облыс деңгейіндегі тренерлерге қойылатын жалпы талаптар:
1) жоғары білім;
2) бизнес-тренерлерге арналған Мастер-классты тренинг-оқытуларды өткізуде тәжірибелік біліктілікпен бекітілген сертификатының болуы;
3) Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі;
4) Компьютерлік сауатының болуы.
5) тренинг өткізуде біліктілігінің болуы;
6) кәсіпкерлік қызметті жүргізуде 1 жылдан кем емес тәжірибесінің болуы;
7) кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларын білу (оқытушылық тәжірибесінің болуы құпталады).
Өтініштер 2019 жылдың 17 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Өтінішке қосымша тігіледі:
1) жеке куәлік көшірмесі;
2) жұмыс өтілін растайтын құжат көшірмесі;
3)куәландыратын құжаттары қоса тігілген арнайы үлгідегі үміткер сауалнамасы (диплом, аттестат, куәлік, қызмет көрсетілгендігі турлы акт және т.б. көшірмелері).
Іріктеуге қатысуға өтініш үлгісі мен шарттарын Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңсесінен алуға болады: Желтоқсан көшесі,12 немесе gu.kurmantayeva@atameken.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.
Байланысатын тұлға: Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы- Құрмантаева Гүлнұр Жаңабергенқызы.
Тел. 8/7242/400874