Кәсіпкерлік палатасы іріктеуге құжаттар қабылдайды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» төртінші бағыты бойынша қызмет көрсетуге ҚР азаматтарынан іріктеуге өтініш қабылдау басталғандығын хабарлайды. Өтініштер 2019 жылдың 17 желтоқсан сағат 18.00 дейін қабылданады.
Өтінішке қосымша:
1) жеке куәлік көшірмесі;
2) жұмыс өтілін растайтын құжат көшірмесі;
3)Сауалнама бойынша Үміткер құжаттары, растайтын қосымша құжаттарымен бірге (диплом көшірмесі, аттестат, куәлік, қызмет көрсетілгендігі туралы акт және т.б.).
Іріктеуге қатысуға өтініш үлгісі мен шарттарын Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңсесінен алуға болады: Желтоқсан көшесі,12 немесе gu.kurmantayeva@atameken.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.
Байланысатын тұлға: Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы- Құрмантаева Гүлнұр Жаңабергенқызы.
Тел. 8/7242/400874