Қызылорда қаласының әкімі қала тұрғындарын қабылдайды
Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 6 ақпан күні Қызылорда қаласының әкімдігінде ашық есік күні өтеді.Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы және қала әкімінің орынбасарлары, тиісті сала басшыларының қатысуымен 6 ақпан күні қоғамдық қабылдау өткізіледі. Қоғамдық қабылдау таңғы сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қала әкімдігі жанындағы құқық қорғау қызметі орталығында өткізіледі.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №16 №5, 11, 18, 21, 22, 24 маршрутты автобустар қалалық әкімдік жанындағы аялдамаға тоқтайды.
Қоғамдық қабылдау алдын ала жазылуды қажет етпейді.