Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰЛАҚТАНДЫРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДАБЫЛЫ

«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰЛАҚТАНДЫРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДАБЫЛЫ


     Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!
    Ағымдағы жылғы 9-10 қараша аралығында «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша іс-әрекеттерге азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығы» тақырыбында «Қыс - 2017» республикалық командалық - штабтық оқу – жаттығуын өткізу аясында «Баршаның назарына» тұрғындарды құлақтандырудың бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың қаупі туралы тұрғындарды құлақтандыру жүйесіне тәжірибелік пысықтау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
    Құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу кезінде алаңдаушылық тудырмай, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз.
    «Баршаның назарына!» - бұл ескерту дабылы. Бұл дабыл  авариялар, зілзалалар, табиғи апаттар, қарсыластардың шабуыл қаупі туралы тұрғындардың назарын аударту мақсатында беріледі. Дабыл сиренаны, үзіліп шығатын дыбыс (гудок), көліктегі және басқа да құралдардағы дауыс зорайтқыштарды қосу арқылы беріледі. Дабыл берілген кездегі халықтың іс-әрекеті: сиренаны, үзіліп шығатын дыбысты (гудок) немесе т.б. естіген кезде тез арада радионы, теледидарды қосып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-әрекет тәртібі туралы хабарламасын тыңдаңыздар. Алынған ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, естіген іс –әрекет тәртібі бойынша әрекет жасаңыздар.
    Қызылорда облысының Төтенше
    жағдайлар департаменті

08 қараша 2017 ж. 958 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области