Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОРЫШКЕРЛЕР ШЕТЕЛГЕ ШЫҒА АЛМАЙДЫ

БОРЫШКЕРЛЕР ШЕТЕЛГЕ ШЫҒА АЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабы 3-бөлігіне сәйкес,соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
Ал, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптары бойынша, заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс екендігін ескеру қажет.
Дегенмен де, жеке және заңды тұлғалар заңды күшіне енген сот актілерін біле тұра орындамайтын жағдайлар да кездеседі.
Осындай сот актілерін орындамағаны үшін қолданылатын мәжбүрлеу шаралардың бірі борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 33-бабына сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.
Және де, сот орындаушысының борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сотпен санкцияланған қаулының көшірмелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін және борышкерге мәлімет үшін жіберіледі.
Сонымен қатар, Заңға сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұрылуы мүмкін.
Бұл жөнінде сот орындаушы шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген қаулы шығарады және ол сотпен санкциялануы тиіс.
Сондай-ақ, борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша қойылған шектеу мына жағдайларда алынып тасталынады.
       - Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;
        - мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;
        - атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;
- мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген жағдайларда жүргізіледі.
            Айта кететін жаңалық, Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы «Қазпошта» АҚ-мен бірге борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді жедел түрде алып тастау үшін, борышкермен қарызды төлеудің онлайн режиміндегі жаңа сервисін қолданысқа енгізіп, еліміздің халықаралық әуежайларында терминалдар орнатылды.
            Бұдан былай, атқарушылық іс жүргізулері бойынша борышкер болып табылатын азаматтар шетелге ұшатын кезінде айыппұлды немесе қарызды сол мезетте төлеп, бұл мәселені 15 минуттың ішінде шешуіне мүмкіндік туып отыр.
            Бұл сервисті тек 2015 жылдың бірінші шілдесінен бастап ҚР-нан шығуына уақытша шектеу қойылған жеке тұлғалар қолдана алады.
             
Л.ЖҰМАТОВА,
     Қызылорда облысы жеке сот
     орындаушылары өңірлік палатасы
     басшысының орынбасары.
21 желтоқсан 2017 ж. 954 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области