Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨМІР ДЕГЕНІҢ БІР ЖАРЫҚ СӘУЛЕ ЕКЕН ҒОЙ...

ӨМІР ДЕГЕНІҢ БІР ЖАРЫҚ СӘУЛЕ ЕКЕН ҒОЙ...


    Сыр журналистикасында өзіндік орны бар, өзінен кейінгі буынға ұстаз болған белгілі журналист Елібай Зұлхарнайұлы Жікібаевтың бақи дүниеге аттанғанына бүгін тура 1 жыл толыпты.
    Кеше ғана сияқты еді, жақсы ағаның жайраңдап ортамызда жүргені. Әлі күнге дейін Елекең жылы жымиып қасымыздан қазір ғана өтіп кеткендей күй кешеміз кейде. Осындайда Мұқағали ақынның «Өмір дегенге тірлікте, сірә, жетер ме ой. Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой. Бекер ғой бәрі, Бекер ғой бәрі - бөтен ғой» дейтіні еске түсетіні бар.
     Елібай Зұлхарнайұлы 1956 жылы 14 қазанда Қостанай қаласында дүниеге келді. Федоров ауданындағы Чапаев колхозында орта мектепті 1973 жылы тәмамдаған. Осы жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде әскер қатарына шақырылып, Амур облысындағы Байкал-Амур магистралінде азаматтық борышын өтейді. Әскерден соң Қостанай облысы Наурызым ауданындағы «Восход» аудандық газетінде қызмет атқарды. Сол жылдары аудандық партия комитетінде инструктор қызметінде болғанымен, кейіннен өзінің сүйікті ісі журналистикаға оралады.
    1987 жылы Арқалықтағы педагогикалық институттың филология факультетіне сырттай оқуға түседі. Елібай аға өмірінің денін журналистика саласына арнады. Облыстық радио мен аудандық, кейін Қостанай және Торғай облыстық газеттерінде жемісті еңбек етті. 1991 жылы Сыр өңіріне қоныс аударып, әріптестерімен бірге «Байқоңыр» атты газет ашып, 1993-1995 жылдары оның бас редакторы болды. Ол 1995 жылы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде  болды. 1998 жылы қалалық «Новая Кызылорда» газетін, кейін атауы өзгерген «Контакт-К» басылымын 2006 жылға дейін басқарады. Ол 1999 жылдан «Караван» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болды. 2011 жылдан өмірінің соңына дейін облыстық Kyzylorda-news  интернет газетінің бас редакторы болды.
     Елекең өмірде барынша қарапайым еді. Біреудің мұңын өз басының қайғысындай қабылдап, қабағын кірбің шалған талайларға қамқор болды. Былтыр қазан 14 қазанда 60 жасқа толғанда құттықтай келгінемізде «Амандық болса үлкен тойды келесі айда жасаймын» деген еді. Туған күнінен тура екі апта өткенде жайсаң жанның қазасы жайлы суық хабар жетті.  
    Өмір дегенің бір жарық сәуле екен ғой...

27 қазан 2017 ж. 1 053 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области