ЖАҢҒЫРУЫМЫЗДЫҢ БАСТАМАСЫ БОЛАДЫ
Бүгін Елбасымыз латынға көшу туралы Жарлыққа қол қойды. Өз басым рухани жаңғыруымыздың тілден басталғанына қуаныштымын.
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру ана тіліміздің жаңа бір тынысын ашады. Осылайша қазақ тіліндегі түйінді проблемалардың барлығы да латынға көшуіміз арқылы шешілуі тиіс. Әрине, бірте-бірте шешіледі. Елбасымыздың өзі де 2025 жылға дейін әлі де жұмыс істеуміз керектігін, сол межеде толық көшуді аяқтауымыз тиістігін айтқан болатын. Алдымызда қыруар жұмыстар тұр.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Біз мұны көп болып атқаруымыз керек.
Гүлчин ГЕЙДАРОВА,
түрік этно-мәдени бірлестігінің
төрайымы.