Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАДЫ

ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАДЫ


Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жолдаудың сөзі – Жастардың көзімен» атты аудандық шығарма байқауы өтті. «Жастар үйінде» өткен жарысқа 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Шығарма жазбаша және электронды түрде қабылданды.
 - Байқаудың мақсаты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау. Қазіргі интернетке телмірген уақытта жастарды шығармашылыққа тартып, пікірталас алаңына тарту оңай емес. Біз осы олқылықтың алдын алғымыз келеді. Қатысушылар бұл байқау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, елдің саяси-экономикалық ахуалымен барынша таныс болады деп ойлаймын,-дейді бірлестік төрайымы А.Нұрмағанбетова.
  Комиссия шешімі бойынша өзін әдеби сөз шеберлігін жазбаша түрде анық жеткізе білгені үшін І орынды Аружан Әуесбаева жеңіп алды. ІІ орын Ақбота Байжанова Ақбота, ІІІ орынды Рауан Қанатқызы иемденді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.




19 сәуір 2018 ж. 790 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области