БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Қармақшы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Ғ.Ұзақбаев және Е.Рзалиев Бірыңғай қабылдау күнін өткізді.
Акцияның мақсаты үлкен. Оның түпкі мақсаты – тұрғындарға Елбасының әлеуметтік 5 бастамасын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы дүние жүзіне белгілі 100 кітапты қазақ тіліне аудару бойынша түсіндіру, халықтар арасындағы достықты, ықтымақтастықты және тұрақтылықты күшейту бойынша көмек көрсету болып табылады.
Бұған қоса, шараға қатысушылар азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, азаматтардың халықтар арасындағы достықтың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру және Қазақстан Халық Ассамблеясы мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру бойынша пікірлерін ортаға салды.
Соңынан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді. Қабылдауға келген қала тұрғындары қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.