Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ТЕРРОРИЗМ – ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ»

«ТЕРРОРИЗМ – ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ»

Дін мәселелері бойынша қоғамдық пікір алмасу, дін саласы бойынша мамандардың халықпен тығыз өзара-қатынасына жол ашу, деструктивтік діни ағымдарға қарсы сауаттылықты арттыру мақсатындағы кезекті аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция Шиелі ауданында да өтті.
  Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастырған «Терроризм – дінге жат ұғым» тақырыбындағы шарада Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы (PhD) Ермек Бекбосынов, Ахмет Ясауи университетінің аға оқытушысы тарих ғылымдарының докторы (PhD) Рашид Тәжібаев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы, АТТ мүшесі Болатбек Абуов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымдарының магистрі, АТТ мүшесі Әлібек Жаппасбаев және БАҚ өкілдері қатысты.
  Коференцияда баяндамашылар Шиелі ауданына қарасты кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ТҚК және АТТ мүшелері, АІІБ-нің қызметкерлері (учаскелік ж/е ювеналдық полицейлер), мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері (мешіт имамдары), тұрғындар, белсенді жастарға деструктивтік ағымдардың алдын алудағы діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жат ағымдардың жастарға ықпалы және одан сақтандыру жайлы ойларын ортаға салды.
  Жиында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Ермек Бекбосынов Діни экстремизм - қоғамға қауіпті құбылыс екендігін айтып, оның алдын алуда бүгінгідей конференциялардың маңызы ерекше екендігін жеткізді. Ал, Ахмет Ясауи университетінің аға оқытушысы тарих ғылымдарының докторы Рашид Тәжібаев мектептегі оқытылатын «Дінтану» пәніне ден қою керек деп есептейді.
  -«Біз сырттан келетін деструктивтік ағымдардың арбауына қалай түстік? Оған себеп ғасырға жуық Кеңес үкіметінің қол астында болған халқымыз ұлттық дәстүрімен бірге діннен де хабарсыз қалды. Салдарынан еліміз егемендік алған тұста түрлі діни ағымдар елдің діни сауатының аздығын пайдаланып, өз қармақтарына тез түсірді. Сондықтан да мен мектептерде оқытылатын «Дінтану» пәнін 1-сыныптан бастап, мектеп бітіргенше оқытылғандығын жөн санаймын. Сонда ғана жастар жат ағымдардың арбауына түспейтін болады» - деді Рашид Ибраһимұлы.
Конференцияда баяндамашылар дінге қатысты Заңға енгізілетін өзгерістерге де тоқталды.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы                                                                                                                


03 мамыр 2018 ж. 1 031 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области