АУЫЛ ӘКІМІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесімен Арал ауданы әкімдігі «Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі – Ауылдық округ) іс-әрекеттерінен заң бұзушылық белгілері анықталды.
Заң бұзушылық «Рәсімдеу қызметтерін қамтамасыз ету» жарияланған конкурсты болдырмау жүргізу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттың тікелей жасасу барысында нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, тауар нарығына шығуын шектеу. Одан нарық субъектілерін ығыстырып шығару және нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру. Бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес болып отыр.
Осы ретте, Ақирек ауылдық округі әкімі Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 163-бабының 1 бөлігі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, департаментпен ауылдық округке қатысты бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы нұсқама шығарылды.