ҚҰС ӨСІРУШІЛЕР ОДАҒЫ: ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН ЕТ ҚЫРҒЫЗСТАН АРҚЫЛЫ КЕЛЕДІ
Құс өсірушілер одағы Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесе жұқпалы аулуларға қарсы күресуде.
«Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Шәріповтің айтуынша еліміздің сөрелерінде арзан әрі сальмонеллалар сынды құс етінің ауруларымен жұқтырылған тауар саны артып келеді. Қытайдың құс фабрикаларынан келетін тауар ішкі нарыққа негізінен Қырғызстан арқылы өтеді.
«2013-2014 жылдары қытайлық үйрек еті үлкен нарыққа Қырғызстан арқылы келгендігін анықтадық. Құс тұмауы мен «Ньюкасла» жұқпалы ауруларының тасылмалданған жағдайда кәсіпорынның толық жұмыс тоқтатуы немесе кейбір жағдайларда құстардың толық жойылуына дейін жеткізу мүмкін», - деп мәлімдеді «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті.
Мұндай жағдай Қазақстанның құс шаруашылығы саласына кері әсер етеді.
«Бүгінгі таңда ҚР территориясында жануарлар мен құстардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары байқалмайды», - дейді Руслан Шәріпов.
Еске салсақ, Қазақстанның салалық қауымдастықтары мұндай жағдайларға өз алаңдаулықтарын білдіріп келеді. Қазақстанның нарығына статегиялық маңызы бар шикізатты өткізу барысында белгілі бір шектеулер қоюда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп отыр. Кәсіпкерлер ведомства аралық комиссияның кезекті отырысында жоғарыда аталған ұсыныс талқыға салынып, қолдау табады деген үмітте.