СЫРТТАН КЕЛЕТІН ЗАҢСЫЗ ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІНІҢ САНЫ АРТҚАН
«Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС корпоративтік мәселелері департаментінің директоры Евгении Яновицкийдің шекара арқылы басқа елдерден келетін темекі өнімдерін бақылауды күшейту қажет.
– Өнімнің қай аймақтан келетінін анықтау мақсатында сараптама жүргізу нәтижесінде қазіргі таңдағы тауардың негізгі бөлігі Қырғызстан аймағынан келетіндігі анықталды. Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша заңсыз өнімдер жалпы нарықтың 0,7 пайызын құрайтындығы анықталды. Биылғы жылдың соңғы қорытынды нәтижелері болмағанымен, көрсеткіштер екі есе артқандығын болжап отырмыз, - деді Евгении Яновицкий.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара арқылы өтетін өнімдерді бақылау жүйесін жақсарту қажет. Әрбір елдің акциз алымының көлемі әртүрлі болғандықтан ЕЭҚ елдерінің арасында азық-түлік өнімдерін тасымалдау мүмкіндігін шектеу қажет деп есептейді директор.
Акциз алымы – басқа елдерден келетін тауарларға салынатын кедендік төлемдерден сынды негізінен мемлекет ішінде жалпы қолданыстағы тауарларға қойылатын жалпы мемлекеттік жанама салық.
Еске салсақ, Қазақстанның салалық қауымдастықтары аталған мәселеге алаңдауда. Қазақстанның нарығына статегиялық маңызы бар шикізатты өткізу барысында белгілі бір шектеулер қоюда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп отыр. Кәсіпкерлер ведомства аралық комиссияның кезекті отырысында жоғарыда аталған ұсыныс талқыға салынып, қолдау табады деген үмітте.