Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ойнап өспеген ойлап өспейді

Ойнап өспеген ойлап өспейді

Бала ойынына баса мән беру балалық шақтағы дамып-жетілу деңгейін қарастыруға зор әсерін тигізбек. Бұл қазіргі бала психологиясын, олардың рухани өмірінің мән-мағынасын түсінуге жол ашады. Бала ойынын талдау сол балғын шақтың ең елеулі тұстарын, өзіндік ерекшеліктерін анықтауға, баланың ішкі жан-дүниесіне терең үңілуге мүмкіндік береді.
Неміс ақыны, философы Шиллер өзінің атақты «Эстетикалық тәрбие хаттарында»балалар ойынына айрықша мән берген. Ол ойынды адамның эстетикалық өмірімен байланыстырған. Ал Карл Гросс теориясында ойын түрлі физикалық және психикалық жаттығулардың рөлін атқарады.«Балаларды сырттай бақылаған жан ойын олардың қимыл-қозғалысын, зейінін, түрлі сезімдерін, көзқарастарын, сонымен қатар бақылау, ойлау қабілеттерін дамытатынына көз жеткізе алады» дейді ол. Ойын баланың дене мүшелерімен қатар психологиялық даму деңгейіне де әсер ететіні анық.
Балалар ойынын бүге-шүгесіне дейін зерттеген К.Гросс «Адамдардың ойыны» (Die Spiele der Menschen) атты кітабында «ойын балалардың дамуына жан-жақты ықпалын тигізеді» деп дәлелдеген. Үстірт қарағанда мақсатсыз сияқты көрінетін ойындар – шын мәнінде жоғары мақсатты көздеген іс-әрекет.
Мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекеттің басты¬ түрі саналады. Алайда бұл қазіргі баланың әдетте көп уақытын өзіне қызықты ойындарға жұмсауынан емес, ойынның бала психикасында сапалы өзгеріс туғызуынан болады. Мектеп жасына дейінгі бала ойын барысында заттарды ажыратып қана қоймай, өзіне белгілі бір рөлді алады да, соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Ойын үстінде балаға адамдар арасындағы қарым-қатынастың қыр-сыры біртіндеп ашыла түседі. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсіне бастайды.
Мектепке дейінгі балалардың рөлдік ойынының мазмұны – өзі қалаған рөлден туындайтын ережелерге бағынуы. Бұл жастағы балалар ереже орындауда тым міншіл келеді. Қоғамдық мінез-құлық ережелерін орындай отырып,«не болатынына» назар аударады. Сондықтан олар ненің болатыны жөнінде пікір таластырып,«Аналар бұлай істемейді», «Дәрігер ауруларды осылай қарай ма?» және тағы басқа сұрақ қойып, ойларын айтады. Сөйтіп, рөлдері бар ойын сюжеті мен мазмұны айналадағы үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек ұғына түсуіне көмектеседі.
Ойын тілдің дамуына өте зор әсер етеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасының белгілі бір деңгейін талап етеді. Баланың жеке басының дамуына да ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқына үлгі болады, айналасындағылармен араласа білудің негізгі дағдыларын үйренеді.
Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды,¬ кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болады. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар рөлді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындай жүріп қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасы ойынға көзқарастан бүтіндей өзгеше. Олар баланың оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балада оқуға деген тілек оянады.
Ойын – баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс-әрекет. Бала сурет салады, зат жасырады, «ғимарат» тұрғызады, әшекей ояды… Осының бәріне ортақ қасиет – олар белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, құрастыруға, құрақ құрауға бағытталады.

09 маусым 2019 ж. 537 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области