Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел қызметінен босатылды

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел қызметінен босатылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның азаматтық авиация комитетінің басшысы Тоты Әмірованың атына қоластындағы бірнеше қызметкерден шағым түсті. Содан кейін ресми тергеуді бастау туралы шешім қабылданды, деп жазады Stan.kz.

"Министрлікте жұмыс істеген уақытында комитетке Тоты Әмірованың заңсыз әрекеті мен этикаға жатпайтын сөзі үшін қоластындағылардан, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы субъектілер мен ұйымдардан шағымдар түсті", - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде.
Тәртіптік тергеуге сәйкес, Әмірова белгілі бір тұлғаның өтініші бойынша ұшақты кешіктіру туралы шешім қабылдаған.
"Әмірованың іс-әрекеті азаматтық қызметке нұқсан келтіріп ұшуды заңсыз кешіктіруді білдірді", - делінген хабарламада.
Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша Тоты Әмірованы лауазымынан босату түрінде ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" бабына сәйкес) жаза алды.
Комитет ұшуды заңсыз кешіктіретін қызметкерлердің Қазақстан заңдарына сәйкес жазаланатындығын түсіндірді.

12 маусым 2019 ж. 452 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области