Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медицина кәсібі – адамзаттың асылы

Медицина кәсібі – адамзаттың асылы

Бүгін Арал ауданындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. Аудандық мәдениет орталығында өткен «Медицина кәсібі – адамзаттың асылы» атты салтанатты шара шымылдығы бір топ сала қызметкерлерінің орындауындағы «Жан қорғаны дәрігер» атты әсем әнмен түрілді.

Денсаулық сақшыларының басын қосқан мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов ашып, медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай келе, ауданымыздағы денсаулық саласындағы бірқатар жетістіктерді атап өтті. Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы медицина саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хатын табысталып, аудандық аурухананың бас дәрігері М.Ршымбетов әріптестерін мерейлі мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жолдады.
Салтанатты шара одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен өрілді.
Атап өту қажет, аудандағы өткен жылдың басты жаңалықтарының бірі заманауи медициналық аппараттармен, медициналық және кеңселік жиһаздармен жабдықталған жаңа 150 аудандық орталық аурухананың пайдалануға берілуі. Жаңа аурухана Жапония, АҚШ, Германия, Ресей, Ұлыбритания елдерінің емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтарымен қамтылған. Мұнан өзге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 3 елді мекеннен медициналық пункт (Ақбай, Тастақ, Сазды), 1 елді мекеннен фельдшерлік акушерлік пункт (Жаңақұрылыс) және 1 елді мекеннен дәрігерлік амбулатория (Бекбауыл) салу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
Бұған қоса, арнайы медициналық жабдықтары бар реанимобильді автокөлігінің алынуы жағдайы ауыр науқастарды облыс орталығына жеткізу жұмысын жеңілдетсе, Қамыстыбас, Қарақұм, Аманөткел дәрігерлік амбулаторияларына жаңа медициналық жедел-жәрдем автокөліктері беріліп, елді мекен тұрғындары игілігін көруде.
Мұнымен бірге, ауданның денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамту, олардың біліктілігін көтеру мақсатында Арал ауданынан 2 дәрігер Татарстан Республикасының Казань қаласына барып, тәжірибелік білім жетілдіру орталығынан оқып келді.
Ал, биылғы жылы ауданымызға қарасты Сексеуіл кентінде жоба-сметалық құны 817 млн 383 мың теңгені құрайтын 40 төсектік аурухана құрылысын бастау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қосаман елді мекенінен және Шөмішкөл елді мекенінен мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында медециналық бекетке бейімделген ғимараттты сатып алу жоспарланып отыр.

14 маусым 2019 ж. 591 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области