Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан үшін жаңа байланыс спутнигі шығарылады

Қазақстан үшін жаңа байланыс спутнигі шығарылады

Kyzylorda-news.kz. Францияда КазСАТ-2Р жаңа байланыс спутнигін шығару жөнінде келісссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 4 жылдан кейін жұмыс мерзімі аяқталатын КазСАТ-2 жасанды жер серігін ауыстыруы қажет. КазСАТ-2Р жасау барысында қазақстандық мамандар тартылатын алғашқы ғарыш аппараты болмақ. Оны дайындауға шамамен 300 миллион еуро мен үш жылдай уақыт кетеді. Ғарыштық байланыс аппараттар топтамасының жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, бұл шығындар өзін толығымен ақтап жүр. КазСАТ-2Р спутнигін шығаруға Талес Аления Спейс немесе Эйрбас секілді әлемдік деңгейдегі бірнеше компания қатысуы мүмкін. Олар жұмыс барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, мамандарымызды оқытуы тиіс.
«Шығарушылардан КазСАТ-2Р өндірісін нақты Қазақстанда орналастыру мүмкіндіктері туралы сұрап жатырмыз. Ұлттық ғарыш байланыс орталығында құрастыру-сынақ кешені салынған. Тап осы КазСАТ-2Р жобасында толығымен біздің технологиялық жүйеміз, қазақстандық мамандар қолданылады деген үмітіміз бар», - дейді «Республикалық ғарыш байланыс орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Бауыржан Құдабаев.

20 маусым 2019 ж. 355 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области