Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада баласын жүрек тұсынан пышақтаған әке жазаға тартылды

Қызылордада баласын жүрек тұсынан пышақтаған әке жазаға тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда баласын жүрек тұсынан пышақпен ауыр жарақаттаған әкесіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған оқиға ақпан айында болды. Кешқұрым уақытта баласы ас үйде әкесінің анасына айқайлап жатқанын естиді. Сосын әкесін сабырға шақыру үшін сонда барады. Ашуға берілген әкесі анасын ұруға ұмтылады. Сол сәтте баласы анасын арашалап, әкесін итеріп жіберген.
Масаң күйде болған әкесі баласының бұл әрекетіне ашуланып, үстел үстіндегі пышақпен баласының кеуде тұсынан ұрады. Осылайша ол баласының жүрек маңайын зақымдап, денсаулығына ауыр зиян келтіреді.
«Сот отырысында жәбірленуші, яғни баласы әкесіне кешірім беретінін айтты. Әкесінің бас бостандығы қалатын жаза тағайындауды сұрады. Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.
Баласының денсаулығына зиян келтірген әкенің 3 жыл 3 ай бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау жасалады.

20 маусым 2019 ж. 381 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области