Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 5 миллион адамның несие өсімпұлы мен айыппұлы кешіріледі

5 миллион адамның несие өсімпұлы мен айыппұлы кешіріледі

Kyzylorda-news.kz. Банктер мен қаржы ұйымдарында тұтыну кредиті бар 5 млн астам азаматтың айыппұлдары мен өсімпұлдары өтеледі. Бұл туралы бірінші вице-премьер - қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Бұл шамамен 48 млрд теңгені құрайды. Айыппұлдар мен өсімпұлдардың 75% қаржы ұйымдары тарапынан өтеледі. Бұл жұмысты Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктермен, шағын ұйымдармен бірлесе отырып, келісім бойынша жасайды. Айыппұл деген ол банктердің өздері қосқан проценттері. Бұл банктерге ешқандай үлкен салмақ түсірмейді", - деді Қаржы министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол осыған дейін кепілсіз тұтынушылық несиелерді, олардың процентін, айыппұлдарын өтеуге мемлекет тарапынан 105 млрд теңге қажет екенін айтты. Оның 88,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, ал шамамен 17 млрд теңгені проблемалық несиелер қорынан арнайы облигациялар шығару арқылы тартатынын ескертті.

27 маусым 2019 ж. 468 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области