Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынуда

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бөбекжайлар 900 бүлдіршінді қабылдайтын болады. Аймақта балаларды арнайы бағдарламамен оқытатын мектепке дейінгі мекемелермен қамту жоспары тұр. Қазіргі таңда өңірдегі 3 мыңнан астам мүгедек бала мен жасөспірімнің жартысы ғана мектеп пен балабақшаға барады. Бұл ретте аймақ педагогтары 2020 жылға дейін инклюзивті білім берумен қамту көрсеткішін 70%-ке жеткізуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы тәрбие беру мақсатында сурдопедагог, дефектолог және логопед мамандар көптеп әзірлену үстінде. Сондай-ақ балғындар балабақшаларда робототехника үйірмесіне қатыса алады.
«Қазір жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңі. Бұл кезеңде робототехника, робо-лего үйірмесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар суретшілер үйірмесі бар. Үйірмеде арнайы маман жұмыс жасайды. Сонымен бірге хореографиялық би жетекшісінің үйірмесі, ән-би бұдан басқа ойын түрлеріне байланысты үйірмелер жұмыс жасайды. Үлгілі тәрбиеші, үлгілі балабақша номинациясы бойынша биылғы жылы үлкен жетістіктерге жеттік», - дейді балабақша меңгерушісі Жанат Мұхамбетқалиева.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 667 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Онда 61 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 72% жеке сектор үлесінде. Екі балабақша мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып, жұмыс жасауда», - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Берік Жәнібеков.

02 шілде 2019 ж. 382 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области