Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ел тарихына қатысты екі кітап көпшілікке жол тартты

Ел тарихына қатысты екі кітап көпшілікке жол тартты

Kyzylorda-news.kz. Алғашқысы «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» деп аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Монография алғаш рет қазақ тілінде басылып шықты. Жинақтың авторы – белгілі ғалым Мұрат Лаумулин. Кітапта шетел ғалымдарының қазақтар туралы жазған зерттеу еңбектеріне сараптама жасалады. Қазақтардың тарихы мен мәдениетіне қатысты батыстың көзқарасын осы еңбектен көруге болады. «Бір кітапты оқу арқылы шетелдегі мың оқулықтың зерттеулерімен таныса аласыз», – дейді кітаптың тұсаукесеріне жиналған оқымысты-сарапшылар.
Тұсауы кесілген тағы бір кітап 18-19-ғасырдағы Ұлы дала билеушілерінің дипломатиялық қызметіне арналған. Бұл – тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизованың 50 жылдық еңбегінің жемісі. Жинақта көшпенділердің саяси-нарықтық өмірі мен өркениеті сөз болады. Ғалым қытай және орыс деректеріне үңіле отырып, қазақ даласындағы сұлтандардың кең-байтақ жерді сақтап қалудағы дипломатиялық іс-әрекеттері мен еңбектерін саралайды.
«Көшпелі халықтың дипломатиясы өте мықты болған. Осындай екі елдің арасында, тағы мұсылман әлемі бар, Қоқан хандығы бар, сол үш өркениеттің ортасында тұрып, сақина дейді ғой, сол қысатын сақинада өзіміздің дәстүрімізді, елімізді, жерімізді сақтадық. Мен сол ата-бабаларымыздың үлесі туралы айтқым келді», - дейді тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизова.

«Өзіміздің ғалымдардың ғана еңбегін білеміз ғой. Ал шетелдегілер біз туралы не жазып жатқанын білмейміз. Орта ғасырдан бастап, кешегі күнге дейін шетелде Қазақстан туралы, қазақтар туралы не жазып жатыр, соның бәрі де осы кітапта көрсетілген. Сондықтан бұл – ғалымдар үшін, студенттер, жалпы қазақстандықтар үшін өте құнды еңбек», - дейді «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы.

03 шілде 2019 ж. 321 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области