Бейсенбіне арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еліміздің басым аймақтарында жаңбыр және найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстікте, шығыста шаңды дауыл соғып, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.