Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық емханаларда ашық есік күні өтуде

Қызылордалық емханаларда ашық есік күні өтуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық емханалар Елорда күніне орай ашық есік күнін өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара шеңберінде кез келген тұрғын емдеу мекемесіне келіп, алдын ала жазылусыз мамандардан кеңес алды. Ультрадыбыстық зерттеу, қан қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейін білу мүмкіндігіне де ие болды. Мәселен, №3 емханада өткен акцияның алғашқы сағаттарында жүзге жуық тұрғын келген. Денсаулық шарасы осы аптаның соңына дейін жалғасады.
«Қан қысымым жоғары еді. Соны өлшетіп келіп жатырмыз. Сонымен енді дәрігерге барып, ем-дом алуға бара жатырмыз», - деді қала тұрғыны Ләйла Күдербаева.
 
«Ашық есік күндерінде біз өзіміздің тіркелген халықтарымызға қан қысымын, қантын, холестеринін, бойын, салмағын өлшеп, ауытқу болған жағдайда соларға кеңес беріп жасап жатырмыз», - дейді №3 емхананың бас дәрігері Гүлстан Мақсұтова.

05 шілде 2019 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области