Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсібі гүлденген ауылдың – болашағы жарқын

Кәсібі гүлденген ауылдың – болашағы жарқын

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округінде барлық сала қарқынды дамып келеді. Мұнда мал шаруашылығы саласында маманданған бірқатар шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда көптен бері алма бағы бар. Сонымен қатар, 10 төсектік күндізгі стационар және дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

Ауылдық округте салыстырмалы түрде шағын – 185 отбасы тұрады. Ауылда бизнесті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылы жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жеті жоба дайындалды, екі ауыл тұрғыны "Бизнес-Кеңесші" жобасы бойынша оқып, 9 миллион теңгеге несие алды, тағы бір тұрғын "Ауыл" несиелік серіктестік желісі бойынша 12 миллион теңгеге қаржыландыру алып, ірі қара мал сатып алды.
Ауылдың тағы бір керемет тұсы, мұнда алма бағы гүлдеп тұр. Енді екі-үш жыл көлемінде алғашқы өнім де жиналмақ.
«Ауыл маңында мен алты гектар жерді жалға алдым. Осы көктемде мұнда екі мыңнан астам "редчив" сортты алма ағашын отырғыздым. Келесі жылы осы сортты бес мыңнан астам көшет отырғызуды жоспарлап отырмын. Тамшылатып суару әдісін қолданамыз. Қазір мұнда екі жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Екі жылдан кейін алғашқы өнім алуға ниеттіміз», - деді фермер Нұрпейіс Болтаев.
Аққыр ауылында дәрігерлік амбулатория, 10 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Сонымен қатар халықтың тұрмысын жақсартуда ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы жұмысты жалғастыру үшін 232 миллион теңге бөлу қарастырылған.
Сонымен қатар, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлініп келеді.
10 шілде 2019 ж. 429 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области