Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 12 шілде: Атаулы күндер

12 шілде: Атаулы күндер

1838 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісшілер қолы Ақбұлақ пен Қиыл аралығындағы шайқаста Гекке әскерінен жеңіліске ұшырады. Осы шайқаста Исатай қаза тапты.
1924 жылы Орта Азияда ұлттық шекара бөлісі аяқталды. Қазақ АКСР-інің астанасы Орынбордан Ақмешітке (кейін Қызылорда деп аталды) көшірілді.
1925 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құрылды. Оның алғашқы басшылары - С.Сейфуллин, Б.Майлин. Одақ құрамында проза, поэзия, драматургия, сын, көркем аударма, очерк, сатира, фантастика, балалар әдебиеті, орыс, неміс, корей, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істеді.
1925 жылы А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағы баспадан шықты.
1960 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің №125 бұйрығымен Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының эстрада секторы негізінде «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік гастрольді-концерттік бірлестігі құрылды. 1996 жылы Омбы облысында жазушы Қошке Кемеңгеровтің туғанына 100 жыл толу мерейтойы аталып өтті.
2007 жылы Ереванда Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі ресми түрде ашылды. Бұл шараға Арменияның министрліктері мен ведомстволарының, дипломатиялық корпустың, іскер топтардың өкілдері, Еревандағы қазақ диаспорасы қатысты.
2007 жылы Маңғыстау облысындағы «Қарақұдықмұнай» кенішінде мұнай құятын теміржол эстакадасы пайдалануға берілді. Кеніш Ақтаудан 360 шақырым жерде орналасқан.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Caspian Publishing House» баспасы дайындаған «Қазақстан-ЕҚЫҰ-2010» кітабы жарық көрді. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілінде басылып шықты.
2012 жылы ҚР Статистика бойынша агенттігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ҚАЗСТАТ жобасын іске қосты.
2012 жылы Оңтүстік Корея, Қытай, Қазақстан және Өзбекстанды жалғайтын контейнерлік пойыздардың жаңа бағыты іске қосылды.
2013 жылы Астанада «Тарлан» мұз алаңы ашылды.
2014 жылы Павлодарда әйгілі Батыр Баянға (1710/15-1757) арналған ескерткіш ашылды.
2014 жылы Қазақстанда Джун Ри таэквондо бойынша тұңғыш әлем чемпионаты өтті, оған Қазақстаннан 200-ден астам спортшы және ТМД елдерінен, сондай-ақ, Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея және Қытайдан келген 200-дей таэквондошы қатысты.
2015 жылы Санкт-Петербургте қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының мәйітін іздеу және тарихи Отанына қайтару туралы қоғамдық қозғалыс құрылды.
2018 жылы Ауыл тұрғындарына кәсіп ашуда қолданылатын терминдер мен тіркестерді түсіндіруге арналған «Кәсіпкерлер сөздігі» жарыққа шықты.
2018 жылы Минскіде Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті.
12 шілде 2019 ж. 409 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области