Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Латын графикасына өту дағдыларын қалыптастыру бағдарламасы әзірленіп жатыр

Латын графикасына өту дағдыларын қалыптастыру бағдарламасы әзірленіп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында латын графикасына өту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бағдарлама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тіл емлесін түсіндіретін 14 маман арнайы оқытылды. Әдістемелік, орфографиялық, терминологиялық және ақпараттық сүйемелдеу тобы өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелер мен білім нысандарында насихат шараларын өткізді. 12 мың сырбойылық латын қарпі бойынша диктант тапсырып, біліктілігін сынады. Жергілікті басылым беттері мен әлеуметтік желілерде ұдайы үйрету сабақтары жарияланып тұрады. Қазіргі таңда аймақтағы мекемелер мен кәсіпкерлік құрылымдар атауы латын әрпімен жазылып жатыр.
«Ендігі мақсат қазақ тіліне негізделген латын графикасын үйрету. «Өрлеу» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, ортақ меморандум аясында Өрлеуден 30 мұғалім, орталық мамандарын жинап 2 күндік 60 сағаттық оқу курсын өткіздік. Ендігі кезекте тілдерді оқыту орталығы 40 сағаттық латын қарпін үйрету, оқу, жазу дағды қалыптастыратын бағдарлама жасап жатыр қазір», - дейді облыстық тілдерді дамыту орталығының бөлім басшысы Әсел Бақытова.

16 шілде 2019 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области