Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінен жыл сайын қанша табыс түседі

Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінен жыл сайын қанша табыс түседі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль дәлізінен жыл сайын ел бюджетіне қанша табыс түсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің дерегінше, аталмыш құрлықаралық дәліздің жалпы ұзындығы – 8445 шақырым.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненталдық дәлізі 3 мемлекеттің аумағымен өтеді. Олар: Қытай-Қазақстан (25%), Қытай-Орталық Азия (35%) және Қытай-Қазақстан-Ресей-Батыс Еуропа (40%). Халықаралық жол осы аймақтар бойынша жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді», - делінген министрліктің мәліметінде.
2019 жылдың алғашқы 5 айында аталған дәліз арқылы 650 мың тонна транзиттік жүк өткен екен.
«Бүгінде дәліздің орташа жылдық тиімділігі - шамамен 195 млрд теңге. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы өткен транзиттік жүктің көлемі - 1,637 млн тонна. Оның 90 пайызы осы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль дәлізіне тиесілі. Нақтырақ айтсақ, дәліз арқылы 1,47 млн тонна жүк тасымалданған», - дейді министрлік өкілдері.

16 шілде 2019 ж. 442 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области