Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда су шаруашылығының мамандарына құрмет көрсетілді

Қазалыда су шаруашылығының мамандарына құрмет көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Биыл республика бойынша тұңғыш рет Үкіметтің қаулысына сәйкес ресми түрде белгіленген Су шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтілді.

Осыған орай бүгін Қазалыда күннің ыстық-суығына қарамай ауданда су шаруашылығының дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев су шаруашылығының мамандарын мерекемен құттықтап, «Алғыс хатпен» марапаттады.
Мерейлі мерекеде марапатталғандардың қатарында «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің бөлім басшылары Жанбай Садық, Жеңісбек Аманбаев, аға инженер-гидротехник Еркін Лапенов, Жаманбай Төремұратов, Жаңбырбай Ермаханов, инженер-гидротехник Ақерке Кадирова, жетекші мамандары Жарқынбек Оспан, Ибрагим Бижанов, маман Жасұлан Жолашев, Ә.Ә.Тыныбаев атындағы Қазалы су торабының инженері Дөңес Иманбай мен жүргізушілері Қылышбек Рүстем, Серік Сәрсен және «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің ардагері Бақтыбай Сахи бар.
Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында өткен дәстүрлі облыстық малшылар слетінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына атсалысқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Күмісбек Ерімбетов облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Басқосуда су шаруашылығы мамандарының атынан осы саланың ардагері, Қазалы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Көләнов сөз сөйлеп, алғысын білдірді.

16 шілде 2019 ж. 349 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области