Қазалыда құқық бұзушылық профилактикасына қатысты комиссия отырысы өтті
Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссияның күн тәртібінде жұмыс жоспарға сәйкес 2, жоспардан тыс 1 мәселе қаралды.
Алдымен Қазалы ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Нұрбек Шегебаев ағымдағы жылдың 6 айында бұрын сотты болғандармен жасалған құқық бұзушылықтар туралы баяндады.
Мұнан соң Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатов пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен атқарылған жұмыстардың барысы туралы айтып берді.
Ал күн тәртібіндегі үшінші мәселеге орай аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік аға инспекторы Жасұлан Куйлишев биылғы жылдың жартыжылдығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды атап көрсетті.